Құрандағы ахлақ деген не?

Құрандағы ахлақ деген не?

Қасиетті Құран ақида және шариғат мәселелерімен қатар мұсылманның рухани тәрбиесіне де қатты ден қояды. Бұны ислам «Ахлақ» дейді.

Құрандағы ахлақ:

Исламда «Ахлақ»-деп мінез-құлық тәрбиесін айтады. Дұрыс ақида мен шариғат қалай маңызды болса, мінез-құлық тәрбиесі де сондай маңызды.

Адамның рухани тәрбиесін екіге бөліп қарауға болады.

а). Алла Тағаланың хақысындағы ахлақи тәрбие

ә). адам хақысындағы ахлақи тәрбие.

Алланың хақысындағы ахлаққа мұсылманның ғибадат қылғандағы шынайы ықыласы, діндарлығының дәрежесі, Аллаға тәуекелі, Алланың азабынан қорқуы, басқа түскен қиыншылықтарға сабыр болуы, Алла жазған тағдырға риза болуы, ұстамдылығы және Алла мен Оның Елшісіне деген махаббатын атуға болады.

Мұсылманның басқа адамдардың алдындағы ахлақи тәрбиесінің белгісі шыншылдығы, аманатшылдығы және әділдігі.Осы сияқты басқа да адамның жақсы қасиеттері кіреді. Мысалы: Ұят, кішіпейілділік, инабаттылық, ата-анаға құрмет көрсету, кешірімді болу. Туған-туысқандармен жақсы мәміледе болу. Тақуалық, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету, кедей, мұқтаждар мен жетім-жесірлерге қамқорлық көрсету. Тірі жанның хаққысына нұқсан келтірмеу. Міне осы қасиеттерге ие болған адамдарды Алла Тағала Құранда мүминдер деп сүйіншілеген:

«Сөзсіз мүминдер; Алла еске алынса, жүректері қобалжиды да олар Алланың аяттары оқылса, сенімдері артылып, Раббыларына тәуекел қылады. (2)

Сондай-ақ олар, намазды толық орындап, оларға берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды (3)». (Әнфал сүресі,2-3-аяттар)

«Олар, сондай мүминдер, намаздарында іштей жалбарынады (2).

Олар, бос нәрселерден аулақ болады (3).

Олар, зекеттерін береді (4).

Олар, ұятты жерлерін сақтайды (5).

Бірақ жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ (6).

Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектен шыққандар (7).

Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы(8)». (Мүминүн сүресі, 2-8-аяттар)

Алла Тағала Құранда қандай пенделерін жақсы көретінін де айтып сүйіншілеген. Алланың сүйікті пенделері өздерінің жақсы амалдары мен жақсы мінездеріне лайықты сыйға ие болатыны жайлы айтып, ондай адамдарды Құранда Алла Тағала ерекше сипаттаған:

«Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді, әрі таза болушыларды жақсы көреді». (Бақара сүресі, 222-аят)

«Алла қажырлыларды (сабырлыларды) жақсы көреді». (Әли Ғимран сүресі, 146-аят)

«Алла жақсылық істеушілерді жақсы көреді». (Әли Ғимрансүресі, 148-аят)

«Шынында Алла тақуалар және жақсылық істеушілермен бірге». (Нахл сүресі, 128-аят)

Ал осы сипаттарға қарсы сипатқа ие болған адамдарға жаман амалдар мен мінез құлыққа жол бергендері үшін керісінше Алланың махаббатынан айырылып, азабына лайық болу қаупі бар. Бұл жайында да Құраннан оқи аламыз:

«Расында Алла опасыздарды жақсы көрмейді». (Әнфал сүресі, 58-аят)

«Алла залымдарды сүймейді». (Әли Ғимран сүресі, 140 –аят)

«Алла бұзақыларды жақсы көрмейді». (Мәида сүресі, 64-аят)

« Алла бүкіл даңдайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді». (Лұқман сүресі, 18-аят)

Құранда адамның мінез-құлықының жақсаруына зор маңыз береді. Өйткені діннің адамзатқа түсуінің ең басты мақсаты адамзатты қараңғылықтан нұрға шығару. Жаманшылықтан арылтып, салиқалыққа жетелеу. Міне осы мақсатта Алла Тағала адамзатқа пайғамбарлары арқылы дінін жіберген. Сол Өзі жіберген Елшілеріне де жақсы мінездің иелері болуларын да ескерткен. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)- ды Алла Тағала Құранда былай сипаттаған:

«Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің». (Қалам сүресі, 4-аят)

Осы аятта айтылғандай сүйікті пайғамбарымыздың мінезі сондай ұлық болса, оның үмметі сізбен біздің де мінезіміз сондай кішік болуы керек. Бұл жайында халқымыздың да нақыл сөздері бар. Мысалы үшін: «Ұлық болсаң кішік бол»-деген. 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста