Ислам діні

"Құранды басып нанды ал" деген сөзді қалай түсінсек болады?

  • © islam.kz

    © islam.kz

«Құранды басып нанды ал» деген сөз адам өмірінің қаншалықты құнды екендігін көрсету үшін салыстырмалы түрде айтылған дүние.


Аштықтан үзілуге шақ қалған жан жоғарыда тұрған бір үзім нанды көрсе соны алып, өмірін құтқарып қалуы тиіс. Әлгі теңеу сол мақсатта айтылған. Одан бөлек, «Құранды баса берсін» немесе «нан Құраннан үлкен» дегендік емес. Нан – қадірлі. Құран – қасиетті және киелі. Бірі тән азығы, екіншісі – жан азығы. Шындап келгенде ешбір қазақ нанды Құраннан жоғары санамайды. Өйткені, Құран - ырзық-несібе беруші Жасағанның сөзі. Ол әмәнда барлық нәрседен биік тұрары сөзсіз.


Шариғат заңдары мына бес нәрсені қорғауды көздейді. Олар: дін, жан, мал-мүлік, нәсіл (ұрпақ) және ақыл (кей ғалымдар осы бесеуге ар-намысты қосқан). Бұл бес құндылық Ислам ғалымдарының тілінде «Даруратуль Хамса», яғни, «бес зәрулік» деген атаумен белгілі[1]. Осыған сай, адамның өз жанын да, өзгенің жанын да қиюына қақы жоқ (отан қорғау немесе мал-жанын қорғау яки отбасын қорғау жолында шейіт болу басқа). Жоғарыдағы сөз осындай негіздерден шабыттана айтылған дүние деген ойдамын.


Ал, енді олай айта беруге бола ма? – десеңіз, өз басым ол теңеуді тілге тиек қылмас едім. Себебі, халық арасында тура мағынасында ұғынып, «нан Құраннан үлкен» деген ой қалыптасуы мүмкін деген қауіп жоқ емес.


Ең дұрысы - Аллаға мәлім!  


islam.kz




Көрілген: 837    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 17.09.2017, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 12:11
    Өтіріктен ауыр күнә
    6 Қараша, 12:20
    Құдайдың құдіреті
    1 Қараша, 12:15
    Дертке шипа аяттар
    27 Қазан, 12:28
    Әзілдесудің 5 әдебі
    6 Қазан, 15:20
    Қоянның еті адал ма?
    24 Қыркүйек, 18:01
    Кедейді байытқан дұға
    18 Қыркүйек, 11:49
    Дүниедегі ең қайырлы іс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30