Ислам діні

Құранды кіндіктен төмен ұстауға болмай ма?

  • © dialogsunnisyiah.com

    © dialogsunnisyiah.com

Құранды мықынның тұсында не болмаса одан төмен жерде сөмкеге немесе пакетке салуға рұқсат, бұл күнә емес, тек бұл Құранды құрметтемеуден тумаса болды. Сондай-ақ, оңай алу үшін, Құранды ортаңғы немсе төменгі сөреге қойғанда тұрған еш әбестік жоқ.


Алайда ислам мәдениетінде Құранды кеуде тұста ұстау әрі бөлменің ең биік жеріне қою салты таралған. Осылайша адамдар өздерінің Құранға деген құрметін көрсетеді.


Әрине, Құранға мұндай құрметпен қарау адамның тақуалық дәрежесін көрсетеді. Осылай бола тұрса да, Құранға деген мұндай құрмет діни бұйрық болып табылмайды. Мұндай қарым-қатынасты келесі аятта көрсетілген амалға сай деп бағалауға болады: «Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса; күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан» (22:32). Алайда Құранға мұндай құрмет көрсетпейтіндерді, Құранға құрмет көрсетпедің деп айыптауға болмайды. 


Сөзсіз, Құранға құрметпен қарау керек. Алайда Құранға құрмет көрсету — оны биікке қою немесе кеуде тұста ұстаумен ғана шектелмеу қажет. Құранды оқу, Алла Тағаланың айтқандарын түсіну, бұйырғандарын орындап, ал тыйғандарынан тыйылу — Құранға деген шынайы құрмет болып табылады.


Егер біз осының бәрін жасап жүрсек, онда Құранға лайықты түрде құрмет көрсетудеміз деп айтуға болады. 


muslim.kz




Көрілген: 854    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.03.2018, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31