Ислам діні

Қыздар суреттерінің порнопарақшаларда пайдаланылатынына шағымдануда

  • Қыздар суреттерінің порнопарақшаларда пайдаланылатынына шағымдануда

    Қыздар суреттерінің порнопарақшаларда пайдаланылатынына шағымдануда

Мұсылман ғұламалар мұсылман қыз-келіншектерге әлеуметтік желілерге суреттерін салудың (хиджабпен болса да) орынсыз екенін бұрыннан ескертіп келеді. Мұндай қылықтың қыз бала үшін ерсі екенін былай қойғанда, бұл қауіпті болуы мүмкін – пасық адамдар сіздің суреттеріңізді өздерінің жиіркенішті және арам мақсаттарында пайдалануы ықтимал. Бірақ, өкінішке орай, бұл ақыл-кеңеске құлақ түріп жатқан әпке-қарындастарымыз некен-саяқ.

Біз жақында мұндай жеңілтектіктің неге апарып соғатынының айқын мысалын жаңалықтардан көрдік. Бұл жағымсыз жайт әпке-қарындастарымызға сабақ болар және бір ауық ғұламаларымыздың айтқандарын тыңдау керектігін көрсетер деп үміттенеміз.

Душанбе. Тәжікстанның ІІМ-не қыздардан олардың суреттері әлеуметтік желілердегі порнопарақшаларда пайдаланылғандығына байланысты ар-ұяты мен намысының қорланғандығы жайлы шағым кеп түсуде, деп хабарлады құқық қорғаушы мекеменің баспасөз хатшысы Умарджон Эмомали.

"Соңғы уақытта бізге Instagram әлеуметтік желісіндегі порнопарақшаларда суреттері жарияланған қыздардан он шағым кеп түсті", — деді ол.

Оның айтуынша, ІІМ-нің тексеруі барысында әлгі парақшалардың модераторлары шет елде тіркеліп, орналасқандығы анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Баспасөз хатшысының айтуынша, шағымда беймәлім тұлғалардың Facebook, Instagram және «Одноклассники» әлеуметтік желілерінен қыздардың суреттерін алып, «Тәжікстанның жезөкшелері» деген парақшада жариялап, астына адамның ар-намысын қорлайтын пікір қалдырғандығы айтылған.


"Шағымданған қыздардың сөзіне сүйенсек, парақша иелері оларды бопсалап отырған көрінеді: олардың суреттерін өшіру үшін ақша сұрап отыр екен", — деді ол.



azan.kz





Көрілген: 586    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 14:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30