Марқұмға құран бағышталса, сауабы тиеді ме?

Марқұмға құран бағышталса, сауабы тиеді ме?

Құран бағыштау дұрыс па? Марқұмға сауабы тиеді ме?
Құран ақыретке дейінгі аралықтағы бүкіл адамзаттың барлық рухани әрі заттық сұраныстарына жауап беретін әлемдік, қоғамдық әрі жеке тұлғалық барлық мәселелерге қатесіз толық шешім бере алатын әрі адамның ақылы жете бермейтін көмескі әлемді суреттеп, беймәлім сырларды ашатын пәни мен бақи дүниенің бақытын қатар ұсынып, өзіне сеніп, өзін шырақ тұтқан жандарды рухани кемелдікке тәрбиелейтін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген қасиетті соңғы кітап. Құранның адамзатқа түсу мақсаты мен оның жалпы тақырыптарының қысқаша мазмұны осыған саяды.
Осындай ұлы мақсатпен түсірілген қасиетті Құран, өкінішке орай жетпіс жылдық атеистік саясаттың салқынымен бүгінде тек өлім болған жерлерде ғана оқылып жүргені ащы да болса шындық.
Негізі ішкі мазмұнына көңіл бөлмей Құранның тек өлім-жітімге ғана оқылуы кейбір мұсылмандардың ренішін тудырып, тіпті оларды: «Құран өліге емес, тіріге түскен. Оны өліге бағыштауға болмайды», - деп дауласуға дейін апарған. Алайда тірі жандардың Құранның ішкі мазмұнын барынша түсініп, мейлінше ғибрат алғаннан кейін оны өлілерге бағыштауға болып-болмауы, сауабының аруақтарға тиіп-тимеуі, өз алдына бөлек тақырып. Ол жайлы Әһли-сунна ғалымдарының көпшілігі арнайы бағышталып оқылған Құранның сауабы өлілерге тиетіндігін айтуда. Мысалы, Ханбали, Ханафи және Шафиғи, Мәлики мәзһабтарының кейінгі үлкен ғұламаларының пікірінше барлық сауапты істердің бағышталып оқылған сауабы өлілерге тиеді. Әбу Ханифа (р.а.) алғашқы кездері қабірдің басында Құран оқуды мәкрүһ деп санаған, бірақ сахаба Абдуллаһ ибн Омардың қабірдің басында «Бақара» сүресінің алғашқы аяттары мен соңғы аяттарын оқығаны жайлы риуаяттардан хабардар болғаннан кейін ол ойынан қайтқан. Ибн Омардың бұл риуаятына байланысты Хафиз ән-Нәуәби өзінің «Әзкәр» атты кітабында хасан деп баға берген. Ибн Худәмәның «Әл-Муғни» атты кітабында Ахмад ибн Ханбал былай деген: «Өліге бағышталып жасалған барлық жақсылықтың сауабы тиеді. Өйткені ол жайлы хадистер бар әрі барлық қалаларда мұсылмандар жиналып, Құран оқып, сауабын өлілерге бағыштауда әрі бұған ешкім қарсы шықпаған. Міне, бұл оның дұрыстығына ижма болып табылады».
Ибн Тәймия мен Ибн Қайим әл-Жәузия да сауапты істермен оқылған Құранның сауабы өліге тиеді деген көзқараста. Ибн Тәймияға «Өлі үшін оқылатын хатым Құран жайлы, Құранды жалдап оқытса, сауабы өліге тиеді ме?» деген сұрақтар қойған. Ол бұған былай деп жауап берген: «Құран оқып, сауабын өліге бағыштау үшін адам жалдау дұрыс емес. Мұны ешбір ғұлама құптамаған, сауабы жететін Құран – ол тек Алла ризалығы үшін оқылатын Құран. Құран оқыған адамға оқу ақысы есебінде емес, өлімнің атынан садақа етіп берсе, онда бүкіл мұсылмандар бойынша оқылған Құрандардың сауабы өліге тиеді. Сол секілді сауабын тек Алладан күтіп Құран оқығаннан кейін оны өлілерге бағыштаса, оның сауабы өліге жетеді. Ең дұрысын Аллаһ біледі» (Мәжму фәтәуә Ибн Тәймия, 24-том).
Ибн Қайим әл-Жәузия «Рух» атты кітабында былай деген: «Өліге бағышталатын істердің ең абзалы – садақа, дұға қылу, кешірім тілеу және қажылыққа бару. Ал Құран оқып бағыштауға келетін болсақ, оны ақысыз оқып бағыштаған жағдайда сауабы өліге тиеді».
Басқа бір жерде Мысыр елінің бұрынғы муфтиі Мухаммад Махлуф: «Бұларды жасап жатқандар бұл істерімді өлілерге арнаймын деп ниет еткені абзал. Ниетті тілмен айту шарт емес» деген.
Дәлелдері:

1) Әбу Хурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте бір кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Менің әкем қайтыс болды, артында дүниесі қалды. Бірақ дүниесін пәленшеге берсін деп өсиет етпеді. Егер мен оның орнына садақа берсем, күнәлары кешіріледі ме?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә» – деп жауап берді (Муслим, Ахмад).
2) Ибн Аббастың (р.а.) риуаяты. Бір кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Ей, Алланың елшісі! Менің анам мойнында бір айлық қарыз оразасы бар күйде қайтыс болды. Оның орнына сол қарызын өтесем болады ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер анаң біреуге қарыз болса, өтейтін бе едің?» – деді. Сұраған кісі «иә» деп жауап берді. «Онда Алла алдындағы анаңның қарызы өтелуге одан да лайығырақ» – деді.

Жоғарыда келтірілген хадистерді саралай келе, ғұламалар оқылған Құран сауабының да бағышталған марқұмдарға тиетіндігін айтқан. Себебі, ораза, садақа және қажылық ғибадат бола тұра, өлген кісіге арналып атқарылып жатқанда сауабының жететіндігін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жоғарыда келтірілген хадистерде баян еткен. Сондықтан Құран оқу да өз алдына жеке ғибадат болып есептелетіндіктен, бұл үкімнен тысқары қалмасы анық.
Фархат Алтай 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста