Меккеде қандай құпия бар?

Меккеде қандай құпия бар?

Қасиетті рамазаннан кейінгі шәууал, зул-қағда және зул-хижжа деген құрметті айлар қажылық айлары болып саналады. Шама-шарқы, қаражаты жететін әрбір мұсылман аталған айларда исламдағы ең үлкен парыздардың бірі қажылықты өтеуге қамдана бастайды.

Қажылық сөзі туралы

«Қажылық» ұғымы сөздiкте – «қасиеттi жерге баруды ниет ету» дегендi бiлдiрсе, шариғатта – арнайы уақытта, яғни, қасиеттi рамазан айынан кейiнгi айдан бастап зул-хижжа айының 10-12 күндерiне дейiн арнайы бекiтiлген ихрамға кiру, Мекке қаласына барып, Қағбаны жетi айналып тауап ету, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасау, Арафатта тұру, Мұздалифада түнеу, Минада болып шайтанға тас ату сияқты амалдарды орындау деп түсiндіріледі.

Қажылық құлшылығының бойында үлкен даналық, ашылмаған құпиялар жатыр әрі ол үшін берілетін сауап та шаш-етектен. Оның парыздығы қасиеттi Құранда: «Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» деп ұқтырылса («Әли-Имран» сүресi, 97-аят), хадисте: «Умра умраға дейінгі аралықтағы (кіші) күнәларды шаяды, ал хаж мабрурдың (шынайы қажылықтың) сыйлығы – тек жәннат» деп сүйіншіленеді. (Бұхари, Муслим)

Сонымен қатар, қажылық сапары туралы сөз қозғағанда есімізге еріксіз Мекке қаласы, Алланың үйі Қағба, Қара тас, Зәм-зәм суы, Арафат, Құрбандық оралады. Бүгін аталған ұғымдардың арасынан Мекке қаласы туралы аз-кем сөз қозғап көрмек ниетіміз бар.

Мекке қаласына деген ыстық сезім

Жер бетіндегі барлық мұсылмандардың жүрегінде Мекке қаласына деген ерекше ыстық сезім бар екені жасырын емес. Бұл аңсар, бұл ынтықтық қадым заманнан бері жалғасып келеді. Біздің ата-бабаларымыз да Мекке қаласына ерекше құрмет көрсететін болған. Мәселен, Шал ақын былай деп жырлаған екен:

Мекке менен Мәдина жолдың ұшы,

Алыс сапар дейді ғой барған кісі.

Ата менен анаңды құрметтесең,

Мекке болып табылар үйдің іші.

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Алла Тағала аспандар мен жерді жаратқан кезде бұл қаланы құрметті етіп қойған және ол қала Қияметке дейін Алланың қалауымен құрметті болып тұрады» деген болатын. (Муслим). Яғни, бұл хадистен байқайтынымыз. Мекке қаласының тарихы адам баласының пайда болуынан да ертерек заманда қарастырылады.

Қағбаның тұрғызылуы және Мекке туралы дұға

Мекке жерінде екінші рет Алла үйін тұрғызған – Ибраһим Пайғамбар мен ұлы Исмайл (оларға Алланың сәлемі болсын) болып есептелінеді. Құранда Ибраһимге Қағбаның орны көрсетілгені айтылады.

Хадисте бұл оқиға былай баяндалады: «Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) мен Ажар анамыздың Исмаил есімді ұлы дүниеге келгенде, Ибраһимнің алғашқы әйелі Сараның бойын қызғаныш билеп, баласы мен анасын алыс аймаққа жіберуді талап етеді. Алла Тағала Ибраһимге (оған Алланың сәлемі болсын) оларды қазіргі Мекке жеріне қоныс аудартуды уахи етеді. Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Исмаил мен Ажар анамызды қасиетті жерге орналастырып, ара-тұра келіп тұрмақ болады.

Осыдан кейін Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) Алла қалағанша уақыт бөлек өмір сүріп, ұлы мен әйеліне қайта келеді. Сонда Исмаилдың (оған Алланың сәлемі болсын) Зәмзәмның жанындағы үлкен ағашқа садақ атып жүргенін көреді. Ибраһимді (оған Алланың сәлемі болсын) көре сала, сәлем беру үшін жанына келеді. Сәлем берісіп болғаннан кейін әкесі баласына: «О, Исмаил, ақиқатында, маған Алладан бұйрық келді». Исмаил: Құдайыңның бұйырғанын орында»,-деді. Ол: «Ал сен маған жәрдем бересің бе?». Ұлы: «Мен саған көмектесемін». Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) айтты: «Ақиқатында, Алла маған осы жерде үй соғуды әмір етті» (Қағбаны).

Сөйтті де, бәрінен де биік болып тұрған қыратты көрсетті. Осы жерге Алла бұйырған үйдің негізін қалай бастады. Исмаил тас әкелумен, Ибраһим соғумен болды. Қабырға биік етіп тұрғызылғаннан кейін Исмаил Ибраһимнің (оларға Алланың сәлемі болсын) астына тас әкеліп қойды. Ол оның үстіне шығып, әрмен қарай тас қалай берді. Олар Қағбаның іргетасын көтеріп жатып: «Раббымыз! Бізден қабыл ал! Ақиқатында, Сен – барлық нәрсені Естуші, бәрін Білушісің!» деп дұға айтумен болды. (Бұхари).

Қағба тұрғызылып біткеннен кейін Алла тарапынан: «Әрі адамдардың арасында қажылық жайында хабарла. Олар саған жаяу және түрлі жүдеген (жануарлар) үстінде алыс жерлерден (жердің түкпір-түкпірінен) келеді» деп бұйрық беріледі. Дәл солай болды, бүгінде миллиондаған адамдар жердің түкпір-түкпірінен Ибраһим мен Исмаил (оларға Алланың сәлемі болсын) негізін қалаған Алланың үйіне тәуап жасау үшін келеді.

Мекке туралы дұға

Алла Тағала Құранда Ибраһимнің тұрған орнын намаз оқитын жер етіп алуды бұйырады. Ибраһим Қағбаны соғу барысында: «Раббым! Бұл қаланы Меккені бейбіт ет әрі оның Аллаға және Ақирет күніне сенген тұрғындарын жемістермен қамтамасыз ет»,-деп дұға жасаған. («Бақара» сүресі, 126-аят). Ғалымдар бұл дұғаның қабыл болып, Меккенің бейбіт қалаға айналғандығын әрі құрғақ жер болса да түрлі жемістердің үзілмейтіндігін айтады.

Осылайша, ең алғаш құлшылық орны тұрғызылған Мекке ықылым заманнан-ақ күллі адам баласын таухидке шақыратын қасиетті мекен болып келеді. Меккені мұсылмандар үшін ғана емес, барша адамзатқа ортақ қасиетті өлке деп айтқан болар едік.

Мекке – тіршіліктің бастауы

Құран мен сүннетте аталған қаланың артықшылықтары қаншама ғасыр бұрын мәлім етілген болатын. Ал ғалымдар қауымы жаңа технологиялардың көмегімен, о баста Мекке жер бетін алып жатқан судағы бір тұтам жер болған, барлық құрағақтық атаулы жанартау әсерінен осы жерден пайда болды деген тұжырымды енді ғана жасап отыр. Сахабалар кезінде «Қағба – жердің кіндігі» деп айтатын болған. Бұл ақиқат та мыңдаған ғалымдардың есептері мен үлгілеуінің нәтижесінде күні кеше ғана дәлелденді.

Сырымыз мұнымен бітпейді, таяуда ғарыштан түсірлген суреттен Мекке мен Медине қаласының әрқашан жарқырап тұратыны анықталған болатын.

Қасиетті Құранның «Әли-Имран» сүресінің 96-аятында Мекке қаласы туралы: «Ақиқатында, адамдарға ең алғаш салынған – Бәккедегі үй. Ол әлемдер үшін құт-береке әрі тура жол» делінген. Келтірілген аят та Меккенің әлемдер үшін ерекше мекен екенін нұсқайды.

Мекке және магниттік полюстер

1977 жылдан бастап Араб түбегі орналасқан жерде бір кездері Гондвана аталатын құрлықтың болғаны, кейіннен жеті құрлыққа бөлінгендігі айтыла бастады.

Каир университетінің ғалымы Хусейн Камалуддин Меккеде, нақты айтсақ, Қағба орналасқан жерде Жер ғаламшарының магниттік орталығы бар екендігін жазады. Ол мұндай пікірді Жердің магниттік полюстері өзгергенде Қағбаның полюсі қалпында қалатындығын байқағаннан кейін айтты. Ол әлемнің әрбір бұрышындағы қыбыла бағытының магниттік сызықтарға сай келетінін және бұл сызықтардың Мекке қаласына қарай бағытталатынын анықтағанда қатты таңырқаған екен.

Меккені бейбіт қала етуші – Құдіретті Алла

Әлем халқы Меккені – «адамзаттың алғашқы бесігі», «қалалардың анасы» деп те атайды. Сондай-ақ, Құранда Бәкке, Бейбіт қала деген атаулары кездеседі. Алла Тағала Тин сүресінде осы Бейбіт қаламен ант етеді.Мекке – Құранның алғаш аяттары түскен, ислам дінінің қазығы қағылған орын. Мекке – Пайғамбарлардың абзалы Мұхаммедтің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) дүниеге келген, қимасындай болған сүйікті әрі алғаш сәждеге басы тиген жері. Меккеде ислам дінінен кейін басқа ешбір дін іргесін салған емес. Мұнда Аллаға күпірлік ететін адамдардың кіруіне тыйым салынады, егер ондай адам қайтыс болса, қасиетті жерге жерленбейді. Меккенің жануарына, құсына қиянат жасауға, ағашын сындыруға болмайды. Меккеде жасалынған құлшылықтар үшін сауаптар еселенеді. Меккеде оқылған бір намаз жүз намазға татиды. Тіпті, Мекке мен Мединеге Дәжжал аяқ баса алмайтын болады. (Муслим). Жердің басқа бұрышында тұратын адамдар тек қана Қағбаға қарап намаз оқыса, Мекке тұрғындары Қағбаның жан-жағынан айналып келіп құлшылық жасай алады. Осыншалықты құрметті қалаға қонақ болған адам да құрметті болмақ.

Алла сіз бен бізге Қасиетті қаласына қадірлі қонақ болуды нәсіп етсін! 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста