Ислам діні

Мешітте сақталуы тиіс әдептер

  • © bb.dinislam.kz

    © bb.dinislam.kz

Алла Құранда: «Ей, адам балалары! Әрбір құлшылық орынында зейнеттеніңдер!» - деген (Ағраф сұресі, 31-аят).


Құран кәрімнің тағы бір аятында: «Шүбәсіз мешіттер (һәм онда өтелетін барлық құлшылықтар) бір Алла үшін (сондай-ақ адам баласының құлшылық барысында қимылдайтын барлық мүшелері де бір Аллаға тиесілі). Ендеше, Алладан басқа ешкімге әрі ешнәрсеге дұға етіп, жалбарынбаңдар!» - делінген («Жын» сүресі, 18-аят).


Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім үйінен дәретін толық алып, кейін адамдармен бірге немесе жамағатпен бірге мешітте парыз етілген намазды оқу үшін шығып, кейін аталмыш намазды оқып бітірген соң, Алла оның күнәларын кешіреді» - деген. (Муслим).


Осы ретте мешітте сақталуы тиіс бірнеше амалдарды көрсетіп кетсек.


Дауыс көтермеу


Сайб ибн Иазид деген кісі былай дейді: «Мешітте тұрған едім бір кісі мені таспен ұрып түртті, қарасам Омар ибн Хаттаб екен. Ол кісі маған: «Анау екеуін шақырып келші»-деді. Ол екеуін оған алып келдім. Сонда Омар ол екеуіне: «Кімсіңдер» немесе «Қайдан боласыңдар», - деді. Олар: «Тайф елінен боламыз»,-деді. Оларға Омар: «Егер сендер қаламыздан болғандарыңда (яғни, Медина қаласының тұрғындары болғандарыңда), Алланың елшісінің мешітінде дауыстарыңды көтеріп сөйлегендерің үшін, қаттырақ ұрып ескертер едім», - деді. (Бухари).


Намаз уақытын күту


Намазды мешітте күтудің абзалдығын Пайғамбардың (ﷺ) мына хадисінен көре аламыз: «...Кімде-кім мешітке кірсе, және оны онда ұстап тұрған нәрсе намазы болса, онда ол адам намазда болып есептеледі. Сендердің біреулерің намаз оқыған жерінен тұрып кетпейінше, періштелер оған: "Ия, Алла! Оны рахметіңе бөле, Ия Алла! Оны кешіріп, жарылқа. Ия Алла! Оның тәубесін қабыл ет», - деп тілейді (Бухари, Муслим).


Азан айтылғаннан кейін сыртқа шығу тиым етілген


Мешітте отырған кезде азан айтылса, одан себепсіз шығып кету макруһ. Себепті жағдайларға дәретті жаңарту, және сол сияқты істер кіреді. Абу Шағса деген кісі өзінің жеткізген хабарында былай дейді: «Біз мешітте Абу Һурайрамен бірге отырған едік, азаншы азан айтты. Сол уақытта бір кісі тұрды да, кете бастады. Абу Һурайра оған мешіттен шығып кеткенше көзін салды. Кейін Абу Һурайра: «Бұл пенде Абу Қасымға, (яғни, Пайғамбар саллалаһу ғалайһи уа салламға) қарсы келіп, күнәһар болды», - деді. (Муслим).


Мешітте сауда жасауға рұқсат етілмеген


Мешіт Алланы еске алу үшін, Құран, намаз оқу үшін, және адамдарға дін әмірлерін үйрету сияқты істер үшін арналған орын. Абу Һурайрадан келген хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ): «Егер сендер біреудің мешітте бір нәрсені сатып жатқанын, не сатып алып жатқанын көрсеңдер, оған: «Алла сенің саудаңды пайдасыз етсін», - деп айтыңдар. Ал біреудің жоғалған затты сұрап іздестіріп жатқанын көрсеңдер, оған: «Алла саған оны қайтармасын»,- деп айтыңдар», - деген. (Муслим, Ахмад, Абу Дауд).


Мешіттегі тазалық!


Жабир атты сахабадан (р.а.) келген хадисте: Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кім сарымсақ не пияз жеген болса, біздерге жақындамасын немесе біздің мешітімізге жақындамай үйінде отырсын», - деген. (Бухари). Яғни, тазалықты адам бірінші өзінен бастауы керек. Жағымсыз иістен аулақ болып, дәретпен, көркем әрі жылы пейілмен жүруі тиіс. Адам өз үйінде істемейтін істерді мешіттеде істемегені абзал, яғни күл-қоқыс шашпау, қақырып, т .кірмеу, тамақ қалдықтарын қалдырмау және тс.с.


Қалмағанбетов Нұржан Оңғарұлы

«Бала қажы» мешітінің наиб имамы


ihsan.kz

 




Көрілген: 864    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 20.09.2017, 15:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 12:11
    Өтіріктен ауыр күнә
    6 Қараша, 12:20
    Құдайдың құдіреті
    1 Қараша, 12:15
    Дертке шипа аяттар
    27 Қазан, 12:28
    Әзілдесудің 5 әдебі
    6 Қазан, 15:20
    Қоянның еті адал ма?
    24 Қыркүйек, 18:01
    Кедейді байытқан дұға
    18 Қыркүйек, 11:49
    Дүниедегі ең қайырлы іс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30