Мұхаммед пайғамбардың сақал шәрифі Көкшетауға жеткізілді (фото)

Мұхаммед пайғамбардың сақал шәрифі Көкшетауға жеткізілді (фото)

Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешітіне Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарымыздың сақал шәрифі табысталды. Мешітке «Пайғамбарға салауатты бірге айтайық, жамағат!» атты шара аясында халық көп жиналды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Өткен жылы Атбасар ауданы, Садовое ауылының тұрғыны 85 жастағы Фатима Дайырова пайғамбарымыздың сақалын Ақмола облысы Атбасар ауданындағы мешітке тапсырған болатын.
«Ұзындығы 3 сантиметр сақал шәриф екі жағы күміспен қапталған шыны ыдыста сақталып келген. Сақалдың пайғамбарымызға (с.а.с.) тиесілі екенін айғақтайтын бірнеше мөр қойылған құжат та бар. Онда Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарымыздың сақалы 1956 жылдың 12 қыркүйегінде Меккеде мұсылман қауымы алдында Шейх Ахмаддинге берілгені, одан Бөкей қажы Сандыбайұлы мүбәрак сақалды 1921 жылы наурыз айында Иуртеке қажыдан алғаны, Бөкей қажы қайтыс болғаннан кейін аманат қажының ұлы Әбдібекке тапсырылғаны жазылған», - дейді мешіттің бас имамы Қанат Қыдырмин.
Фатима апаның айтуынша, сақалды 1924 жылға дейін сақтап келген Бөкей қажы өмірден өтер алдында аманатты ұлы Әбдібекке табыстайды. Сол уақыттан бері сақал осы әулетте ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, Фатима Дайырованың қолына жеткен. Кеңес үкіметі тұсында репрессиядан қорқып, сақалды үйден жырақтау жерде жерге көміп сақтап келген.
Мешіттің бас имамы Фатима апаға қасиетті сақалды сақтап келгені үшін алғысын айтып, Меккеге қажылыққа жолдама табыс етті. Сонымен қатар, әжемізге жанұясымен бірге Бурабайдағы шипажайда демалуға жолдама берілді.
 bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста