Ислам діні

Мұсылман елінде зайырлы қоғам заңнамасын шариғатпен үйлестірмек

  • Мұсылман елінде зайырлы қоғам заңнамасын шариғатпен үйлестірмек

    Мұсылман елінде зайырлы қоғам заңнамасын шариғатпен үйлестірмек

Индонезияның саяси партиялары некесіз төсек қатынасына барғандарға яғни, зина жасағандарға және бір жыныстылардың өзара жақындасуына қатаң тыйым салатын, дәлірегі, қылмыстық жаза қарастыратын заң жобасын қарастырып жатыр.


Бұл жайында coconuts.co ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, жаңа заң жобасына қарсы тұрғындардың қарасы көбейіп келеді. Отбасын құрмай жатып төсек қатынасына барғандар жаңа заң жобасы бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұған қоса, аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі гомосексуализмді психикалық ауытқуға жатқызатын арнайы құжат дайындап жатыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Индонезия билігінің талап етуімен Google әкімшілігі индонезиялық гейлердің онлайн танысу сервисін алып тастаған болатын. 2013 жылы халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне қарағанда, негізінен мұсылмандар құрайтын ел тұрғындарының 72 пайызы зайырлы қоғам заңдарын шариғат талаптарымен алмастыруды жақтаған. Естеріңізге тағы мәрте сала кетсек, Индонезия халқының саны 266 млн адамды құрайды, Әлемде халық саны жағынан төртінші орын алатын елдің шамамен 88 пайызы мұсылмандар. Десе де Индонезия зайырлы мемлекет ретінде танылған. 


islam.kz




Көрілген: 218    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 12.02.2018, 14:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28