Ислам діні

Мұсылмандардың мақтанышы болған жауһар пұтханаға айналуы мүмкін

  • © islam.kz

    © islam.kz

Кезінде әлемнің жеті кереметінің бірі әрі бірегейі саналған әлемге әйгілі Тәж-Маһал үнділердің пұтханасына айналуы мүмкін.


Тарқатып айтқанда, үнділердің солшыл саясаткері сәулеті өзгеше мұсылмандардың мәдени мұрасын пұтханаға айналдыру туралы жанжал шақырған мәлімдеме жасады.


XVII ғасырда Жаһан шаһтың пәрменімен қайтыс болған зайыбы Мұмтаз Маһалдың құрметіне тұрғызылған тарихи кесене Үндістан астанасы - Дели қаласынан 200 шақырым қашық орналасқан. Үндістан парламентінің мүшесі, билік басындағы үніділердің ұлтшыл Бхаратия Джаната партиясы атынан сайланған депутат Винай Катияр "тәж бен теждің (үндіше ғибадат ғимараты) айырмашылығы жоқ" деп соқты.


"Тәж-Маһал көп ұзамай Теж Мандирге айналады",- деді артынша.


Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты.


Депутаттың мұсылмандардың меншігіне қол сұғуы бір бұл емес. 1992 жылы Бабыр мешітін жермен-жексен еткісі келген еді. Осы үшін үстінен қылмыстық іс те қозғалған болатын.


Радикал депутат өткен жылдың қазан айында Тәж-Маһалды Шива құдайына тиесілі деп тағы бір мәлімдеме жасаған еді.


Десе де Тәж-Мәһалдың тарихын тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар, күллі әлем жұртшылығы білетіндіктен, яғни, мұсылмандар меншігі екенін білетіндіктен ашық тартып алуға батылы бармай отыр. Билік басындағылардың өзі ел арасына, дәлірегі, мұсылмандар мен индустар арасына от тастап, жік салып отырғаны қынжылтады.  


islam.kz




Көрілген: 616    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 12:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30