Ислам діні

Мына үш адам Ақыретте қатты өкінеді

  • © islam.kz

    © islam.kz

Ескендір Зұлқарнайын әскерімен жолда келе жатып: “Аяқтарыңа ілінген нәрселерді жинай жүріңдер”, - деп әмір береді.


Әскерлердің бір бөлігі: “Көп жүрдік, қатты шаршадық. Түн ішіндеміз, оған қоса аяғымызға ілінген нәрселерді жинап, өзімізді қинап қайтеміз?” деген шешімге келіп, еш нәрсе жинамайды.


Екінші бөлігі: “Қолбасшымыз бұйырған екен, әміріне бағынайық, аз ғана болса да жинайық. Өйткені Қолбасшыға қашан да мойынсұну керек”, - деп аз ғана жинайды.


Үшінші топ болса: “Қолбасшымыз ешнәрсені бекерге әмір етпейді. Міндетті түрде бір нәрсені біліп айтқан болу керек, әмірін орындаймыз”, - деп бүкіл қаптарын бетіне дейін толтырады.


Таң атқан кезде бүкіл әскер түнде алтын қойнауынан өткендерін түсінеді. Аяқтарына тиген нәрселердің алтын екенін ешкім аңғармаған екен. Сонда әмірді тыңдамай еш нәрсе алмаған бірінші топ:


— Қап неге алмадық! Қолбасшымыздың сөзін неге тыңдамадық. Ең болмағанда біреуін ағанымызда ғой… - деп өкініп қалады.


Екінші топ болса өз-өздерін сөге бастайды:


— Қап, біраз тағы алуымыз керек еді. Қалталарымызды, қаптарымызды аузына дейін толтырып алуымыз керек еді…


Үшінші топ та өкініп:


— Керексіз, пайдасыз заттарымызды тастағанда бұдан да көп етіп жинайтын едік, - дейді.


Бұл мысалды біз не үшін айтып отырмыз? Осы мысалдағы секілді Ақыретте де барлық адамдар өкінеді. Кәпір болған адам:


— Неге иман етпедім? Сенгенімде ең болмаса жаһаннамға түссем де, иманымның арқасында соңында бәрібір Жәннатқа кірер едім. Мәңгілік тозақтан құтылар едім, - дейді.


Мұсылман болғанымен сауабы аз болған кісі:


— Бұдан да көп сауапты істер жасауым керек еді. Бұдан да көп нығметке қауышар едім, - дейді.+


Мұсылман болып, сауабы көп болған кісі болса:


— Қап, бұдан да үлкен дәрежелерге көтеретін көбірек ғибадат жасауым керек еді, көбірек садақа беріп, көбірек ораза тұтып, көбірек сауап жинайтын амалдар жасауым керек еді, - деп өкінеді.


 muslim.kz/




Көрілген: 4414    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.07.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31