Ислам діні

Намаз дұғаларының кейбірін білмесе, намаз оқуға болмай ма?

  • Намаз дұғаларының кейбірін білмесе, намаз оқуға болмай ма?

    Намаз дұғаларының кейбірін білмесе, намаз оқуға болмай ма?

Намазда кейбір дұғаларды білмесе, намаз оқуға болмай ма? Мақсат.


Құрметті Мақсат, «сахих» бір хадисте, Алла елшісіне (с.а.у.) бір адам келіп: «Уа, Расулалла! Мен Құран аяттарынан ешнәрсе жаттай алар емеспін. Құран сүресінің орнына жүретін бір нәрсе үйретші!» - деп өтінеді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у) оған былай де дейді: «Субханаллаһи уәл хамду лилләһи, уә лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбәр. Уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ»[1].


Сондықтан да, өзге дұғаларды жаттағанға шейін, білетін сүре-дұғаларыңызды оқып, намазды бастай беріңіз. Мысалы, намаз қимылдарын үйренгеннен кейін «фатиха», «кәусәр», «ықылас» сүрелері мен «әттахият» дұғасын жаттап, намазды бастай беруге болады. Бұларды оқу – намаздың уәжіптерінен[2]. Алайда, бұлармен ғана шектелмей, алдағы уақыттары намаздағы «сәнә», «салауат», «раббана» дұғаларын, рүкүға иілгенде оқылатын зікір мен сәждеге барғанда айтылатын таспихаттарды да көп ұзатпай жаттап алу керек. Одан бөлек, намаз шарттарын және намазды бұзатын жағдайларды да үйрене жүрген жөн. Алла қабыл етсін!


[1] Нәсәи - №924 хадис; Әбу Дәуід - №832 хадис.

[2] Яғни, фатиха сүресі мен қосымша сүре оқу уәжіп. Алғашқы және соңғы отырыста "әттахият" дұғасын оқу - уәжіп. Құныт дұғасының орнына "раббәнә әтинә" дұғасын айтуға рұқсат.


Абдусамат Қасым 


islam.kz




Көрілген: 918    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.01.2018, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан, 21:00
    Күн райын болжау дұрыс па?
    16 Желтоқсан, 17:14
    Қасиетті Қағбаның тарихы
    15 Желтоқсан, 14:05
    Нәпсіге ие болу
    14 Желтоқсан, 12:28
    Төрдегі төрт ана
    10 Желтоқсан, 14:17
    Ислам түсіністіктің тілі
    6 Желтоқсан, 12:49
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан, 21:11
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан, 13:50
    Арақты қойғызған көрші
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31