Ислам діні

Намаз оқып тұрып жыласа, намаз бұзыла ма?

  • Намаз оқып тұрып жыласа, намаз бұзыла ма?

    Намаз оқып тұрып жыласа, намаз бұзыла ма?

Әссәләмуғалейкум! Намазда кішкене жыласа, намаз бұзылмай ма?

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!


Ақыретті ойлап, немесе қабір азабын яки пейіш пен тозақты ойлап жыласа, не болмаса имамның құран оқуынан әсерленіп жылаған болса, намазы бұзылмайды. Пайғамбарымыздың да (с.ғ.с.) намазда жылайтын кездері болған[1].

Алайда, басқа түскен қиындыққа қайғырып, не бойындағы сырқатты ауырсынып, яки біреуге қатты ренжіп, немесе біреуді сағынып дыбыс шығара жылаған жағдайда, намазы бұзылады. Ал, үнсіз, құр көзінен жас шықса, оған намаз бұзылмайды.+


Сондай-ақ, сырқаттың ауырлығынан өз-өзін ұстай алмай ыңырсуының не үһілеуінің намазға зияны жоқ. Имам Мұхаммед (р.а.) айтқан: «Жеңіл-желпі сырқат себепті намазда ыңырсыған адамның намазы бұзылады. Ал, сырқаты ауыр болғандықтан жаны күйзеліп, өз-өзін ұстай алмай ыңырсып, ыңыранса, намаз бұзылмайды»[2].


[1] Хадисте былай делінеді: «Мен Пайғамбарымызға келсем, ол намаз оқып жатыр екен. Ішінде қайнаған судың даусы іспетті еңкіл бар». (Нәсәидің сүнәні, №1214 хадис).

[2] Хашияту Ибн Ғабидин – 4/68 бет.


Абдусамат Қасым 


muslim.kz




Көрілген: 408    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 29.12.2017, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қаңтар, 12:52
    Боза ішу харам ба?
    29 Желтоқсан 2017
    "Харам" дүкені ашылды
    26 Желтоқсан 2017
    Қыздың орны – төр
    24 Желтоқсан 2017
    Шайтан айтқан шындықтар
    21 Желтоқсан 2017
    Тағдыр жазылып қойған ба?
    17 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    17 Желтоқсан 2017
    Сириядағы жетімдік
    15 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    13 Желтоқсан 2017
    Қиямет-қайым болғанда...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31