Ислам діні

Намазды тастап кеткен кісі қайта бастаса, намазы қабыл бола ма?

  • Намазды тастап кеткен кісі қайта бастаса, намазы қабыл бола ма?

    Намазды тастап кеткен кісі қайта бастаса, намазы қабыл бола ма?

Сəлеметсізбе! Менің мынадай сұрағым бар еді. Намазын бірінші тастап кетіп, кейін қайтадан оқығысы келетіндерге көзқарас қандай? Намазы қабыл бола ма,күнəсі кешіріле ме? Әйгерім.

Сәлеметсіз бе! Намазды тастап кеткен кісіге намазды қайта бастау парыз. Осындайда «адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деген тәмсіл ойға келеді. Қателескендігін аңғарып, тәубеге келіп, қайтадан намазға жығылып жатса, Ғафур Алла кешірмейтін күнә жоқ.


Намаз оқымау қалай күнә болса, оны тастап кету де соншалықты ауыр күнә екендігін ұмытпаған жөн. Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтады: «Намазды әдейі тастап кеткен адам, Алланың панасынан ұзақтайды», - дейді[1].


Имам Ағзам Әбу Ханифа: «Мұсылманға амал парыз. Кәпірге иман парыз. Ал, екі жүзді мұнафиққа шынайылық пен ықылас парыз», - деген[2]. Ендеше, өзін мұсылман санайтын әрбір жанға намаз оқу парыз.


Алла сабырлылармен бірге. Құлшылыққа да сабырлық танытып, табандылық көрсету керек. Сонда, оқыған намазымыз о дүниеде нұрын шашып, иманымыз таразға түсіп жатқан сәтте мұсылманшылығымызға айғақ, ал тозақ отына қалқан болмақ[3].


Алла тағала біздерді өзінің тура жолынан айырмасын.


[1] Табарани: Муъжәмуль Кәбир.

[2] Әл-Уәсия: 7-ереже.

[3] Ахмәд ибн Ханбәл: Мүснәд. №1220: Сахаба Абдулла ибн Ъамрдің айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір күні намазды тілге алып былай деді: «Намазына берік кісіге, қиямет күні намаз (жарқыраған) нұр, айғақ және (тозақ отынан) құтқарушы болады. Ал кім оны тастап кетсе, онда оған нұр да, айғақ та құтылу да жоқ. Қиямет күні ол адам Қарунмен бірге, Перғаунмен бірге, Һаманмен және Үбәй ибн Хәләфпен қатар тұрады (хадис мәтінінде «келеді» делінген)».


Абдусамат Қасым 




Көрілген: 689    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 31.10.2017, 18:16

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 12:20
Құдайдың құдіреті
1 Қараша, 12:15
Дертке шипа аяттар
27 Қазан, 12:28
Әзілдесудің 5 әдебі
6 Қазан, 15:20
Қоянның еті адал ма?
24 Қыркүйек, 18:01
Кедейді байытқан дұға
18 Қыркүйек, 11:49
Дүниедегі ең қайырлы іс

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30