Ислам діні

Намазхана үшін айыппұл арқалады

  • Намазхана үшін айыппұл арқалады

    Намазхана үшін айыппұл арқалады

Астанадағы ең танымал ойын-сауық орталығының басшысы заңсыз намазхана ашқандары үшін айыппұл төлейтін болды. 


Астана қаласына қарасты соттың баспасөз өкілі Mega Silk Way орталығына айыппұл төлеу үкімі шыққанын хабарлады.


Орталықты тексеру жұмыстары қараша айының басында жүргізілген. Сол кезде ойын-сауық орталығында құлшылық етуге арналған намазхана еш рұқсатсыз жұмыс істегені анықталды.


«Намазханада жергілікті басқарушы органымен келісілмей жатып құлшылық ету жоралғылары жасала берген. Бұл дегеніңіз ҚР «Діни ұйымдар мен олардың жұмысы» бойынша заңға бағынбаушылық»,-делінген хатта.


Бұл мәселе Астана қаласына қарасты мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Сотта орталық өкілі заңды бұзғандарын мойындап, айыппұл көлемін азайтуды сұрады. Қазір орталық басшылығы жергілікті биліктің рұқсатымен намазхананы қайта іске қосқан.


Намазхана ашпас бұрын заңды оқып, жергілікті биліктің рұқсатын алмаған кәсіпкер енді 300 мың көлемінде айыппұл төлейтін болды.


 islam.kz




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.12.2017, 09:16

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
15 Наурыз, 11:17
Қабір өмірі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30