Ислам діні

Неге адамдар әртүрлі болып жаралған?

  • Неге адамдар әртүрлі болып жаралған?

    Неге адамдар әртүрлі болып жаралған?

Адамның жаралу мақсатын білмей, бұл әлемде болып жатқан барлық дүниелердің себебін түсіну мүмкін емес. Алла Тағала адамдарды құлшылық етуге жаратса, ал басқа жаратылыстың барлығы адам үшін жаралған.


Бұл дүние тек рахат алу үшін жаралмаған. Бұл дүние - мәнгілік мекен - ақыретке азық жинар сынақ алаңы. Егер барлық адамдар бірдей болса, онда сынақтың мәні қалмайды. Жақсы адамды жаман адамнан ажырату мүмкін болмайтын еді. Сондықтан да, Аллаға бойұсынып, құлшылық етуде адам баласы әртүрлі қиындықтарға ұшырайды. Осы арқылы бойсұнған адам бойсұнбаған адамнан ажыратылады.

Бұл әлемдегі дүниелер әртүрлі мақсаттар үшін жаралған. Мысалы, ер адам әйел сынды баласын неге омырауымен емізбейді деген сұрақ ешкімнің басына кіріп-шықпайды. Өйткені, ер кісі бұл үшін жаралмаған.

Адам бұл дүниеге ойын-сауық пен рахат алу үшін емес, сынақ үшін келген. Емтиханды үздік тапсыру үшін студент біршама қиындықтардан өтеді: ойын-сауықтан бас тартып, сабақтарын қайталап, аз ұйықтайды.

Егер адамдар көзқарас жағынан бірдей болып жаратылған болса, бұл көптеген қиыншылықтарға тудырар еді. Адамдардың бет-әлпеті, бойы, түсі, материалдық мүмкіншіліктері, денсаулық пен сұлулығы бірдей болса, онда олар бір-бірінің көшірмесі болар еді. Бұл жағдайда бір адамды өзгелерден ажырату мүмкін болмайды. Әйелі күйеуін, күйеуі әйелін тани алмай, адам өз әйелін қыздарынан ажырата алмай жатар еді. Міне, сырт келбетінің ұқсастығының өзінен мыңдаған қиындықтар туындайды.


Ал, біркелкі көзқарас, таным, наным өмірдің мәнін кетіретіні хақ. Себебі, жақсылықтың қадірін зұлымдықпен қауышу арқылы ғана білуге болады. Егер бәрі жақсы болса, онда жақсылықтың құны қашып, мәні жоғалушы еді. Сол секілді көріксіздік болғанда ғана сұлулықты түсіне аламыз.


Сондықтан да, Алла Тағала бұл әлемдегі дүниелерді аса даналықпен, әділеттілікпен жаратқан. Мысалы, егер үлкен саусақ басқа саусақтар сияқты болса немесе басқа саусақтардың ортасында орналасса, онда адам өз қолын оңтайлы қолдана алмай, ағзадағы ақау орын алар еді. Бабаларымыздың "бес саусақ бірдей емес" дегені бекер емес екен. Жер бетінде өмір сүріп жатқан миллиардтаған адамдардың бір-біріне ұқсамауы әрі әрбір адамның өзіндік даралығының болуы — біздің Жаратушымыздың шексіз құдіреті мен даналығының жарқын дәлелі.


mazhab.kz




Көрілген: 700    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 07.10.2017, 23:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 12:11
    Өтіріктен ауыр күнә
    6 Қараша, 12:20
    Құдайдың құдіреті
    1 Қараша, 12:15
    Дертке шипа аяттар
    27 Қазан, 12:28
    Әзілдесудің 5 әдебі
    6 Қазан, 15:20
    Қоянның еті адал ма?
    24 Қыркүйек, 18:01
    Кедейді байытқан дұға
    18 Қыркүйек, 11:49
    Дүниедегі ең қайырлы іс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30