Неге қасиетті Құранда «жер жұмыртқа тәріздес» делінген?

Неге қасиетті Құранда «жер жұмыртқа тәріздес» делінген?

Деректерге қарағанда жердің домалақ екендігін б.з.д. шақта көне грек философтары айтып кеткен. Мысалы, б.з.д. VI – ғасырда өмір сүрген Пифагор жерді шар тәріздес деп есептесе, одан екі жүз жылдан кейін Аристотель ай тұтылғанда, жердің көлеңкесі үнемі домалақ боп көрінетіндігін байқаған. Осында кейін ол: «жер – домалақ» деген тоқтамға келді. Одан тағы жүз жыл өткеннен соң Эратосфен есімді тағы бір грек философы жердің радиусын өлшеп, жердің домалақтығын нақты айтты[1].

Бұндай зерттеулерден мұсылман ғалымдары да қалыс қалмады. Мәселенки, 10-11 ғасырларда өмір кешкен ғұлама, көптеген ғылым салаларын меңгерген, соның ішінде астрономия саласына қатысты да 45 ке жуық ғылыми зерттеулер жазған энциклопедист Әбу Райхан Мұхаммед әл-Бируни (973-1048 ж.) математикалық есептердің көмегімен жердің домалақтығын дәлелдеп, онымен қоймай, жердің ана ұшында адамдар тұратын материк бар (Америка) деген теориясын көлденең тартты. Одан 500 жылдан кейін өмір сүрген италиян ғалымы Галилео Галилей өзінің жердің шар пішіндес екендігіне қатысты дәлелдемесін сол Бирунидің астрономиялық зерттеулері негізінде жазды деседі[2].

Алайда, XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың бас жағында ағылшын ғалымы Исаак Ньютон жерді дәл шар тәріздес емес, одан аздап өзгешелеу, яғни, эллипсоид формасында екендігін көрсетті. Исаак Ньютон тартылыс күшінің әсерінен жер - екі полюста да (оң түстік және солтүстік) сығылған күйде, ал, экваторда - эллипсойд формасында екендігін теориялық тұрғыда дәлелдеген[3]. Осыны анықтау мақсатында европада екі арнайы ғылыми экспедиция жасақталып, бірі 1735 жылы астрономиялық және геодезикалық* жұмыстар жүргізуі үшін Перуге жіберіліп, жердің экваторлық аймағында ұзақ жылдар бойы зерттеулер жүргізсе, екіншісі 1736 -37 жылдары солтүстік полярлық шеңбердің жақын аймағына барады. Осының нәтижесінде жердің дәл доп-домалақ шар тәріздес емес, сфероидтық* формада екендігі анықталған[4]. (*Свероид – қысылған шар).

(*Геодезия (грек. ge — жер және daі — бөлемін) — Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы - Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.)

Құран бойынша жердің пішіні

Құран Кәрімде көк пен жер турасында баяндалған көптеген аяттар бар. Соның ішінде жердің домалақтығына ишара еткен бірнеше аяттарды да кездестіруге болады[5].[6].

Әйтсе де, Құран Кәрім қазіргі ғылымда да дәлелденгендей жер формасының аздап сопақтау - сфероидтық формада екендігін айтады. Бұны Құран Кәрімнің «Назиғат» сүресі, 30 аятынан анық көруге болады. Онда былай делінген:

وَالْأَرْضَ بَعْدَ ذَٰلِكَ دَحَاهَا


«Одан соң жерді жұмыртқа тәріздес етті»[7].

Аяттың арабша нұсқасындағы «дәха- دَحَاهَا» етістігі бірнеше мағыналарды білдіреді. Мысалы: төседі, орады, лақтырды, дөңгелетті [8]. Бұнымен қатар араб тілінде түйеқұстың (страус) жұмыртқасын да «дихя» (الدِّحْيَة) деп атайды. Осыған орай, аталмыш аяттағы «дәха» (دَحَاهَا) етістігін «дихя», яғни, «жұмыртқа» сөзімен де қатысы бар екенін ескере отырып, жоғарыдағы аятқа «жерді жұмыртқа тәріздес етті» деп түсініктеме беруге болады (ескілікте жазылған тәпсірлерде "төседі" деген ұғым берілген).

Демек, қасиетті Құранда жердің пішінін жұмыртқа сияқты аздап сопақтау, сфероидтық формада екендігі ашық айтылған десек қателеспеспіз. Бұл қазіргі ғылыммен ұштасып отыр.

Қазіргі таңда геодезикалық және астрономиялық зерттеулердің нәтижесінде жердің шынайы пішіні мен оның көлемі нақтыланды.

Жердің ортасынан экваторға дейінгі арақашықтықты - «экваториалдық радиус» деп атайды. Оның қашықтығы - 6378,2 км. Ал, полюсқа дейінгі арақашықтық «полярлық радиус» деп аталады. Оның қашықтығы - 6356,8 км-ға тең. Екі радиустағы айырмашылық шамамен 21 км. Сондықтан, біздің планетамыз расында да, толықтай домалақ шарға ұқсамайды. Ол - екі полюста да қабысыңқы және ол - эллипсоид пішінінде[9], яғни, Құранда меңзеліп тұрғандай аздап түйеқұстың жұмыртқасына ұқсас.

Осыған қарап-ақ Құран Кәрімнің қасиеттілігіне таңданбау мүмкін емес. Аяттардағы сөздердің өте шебер таңдалып, қанша ғасыр өтсе де ескірмей, керісінше ғылым дамыған сайын астарындағы жаңа сырлар ашылуда. Аяттардың өміршеңдігіне назар аудара отырып, Құранның шексіз білім иесі, құдіреті күшті Жаратқанның сөзі екендігіне тағы бір көзіміз жетеді. Құранның мұғжизалығы да осында. Бізді тура жолға бастаған Жасағанға шүкірлер болсын!

islam.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста