Ислам діні

Неге намазханалар әлі ашылмай келеді?

  • Неге намазханалар әлі ашылмай келеді?

    Неге намазханалар әлі ашылмай келеді?

Бұған дейін Министрлік тарапынан қандай да бір шектеулер алынып тасталды деп естісек те, неге Алматы және басқа да қалалардың әуежайларында, темір жол және автовокзалдарында намазханалар ашылмаған?


Өткен жылдың басында Астана және басқа қалалардағы объектілердегі бірқатар намазханалар өз қызметін уақытша тоқтатты. Мұның себебі, бұл намазханалардың Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі - Нұсқаулық) талаптарына сәйкес болмауы болып табылады. Атап айтқанда, намазханалар діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарынан, ғимараттарынан мемлекеттік органдары және ұйымдарынан 300 метрден кем емес қашықтықта орналасу керек болды. Бұл талапты, әсіресе қалаларда, орындау мүмкін емес болды және діндарлардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Осыған орай, діндарлардың қажеттіліктерін және пікірлерін ескере отырып, Министрлік намазханаларды ашуға қойылатын талаптарды жұмсарту мәселесін қарастырды. Діндарлардың сұраныстарын ескеріп және мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын қамтамасыз ете отырып, Министрлік тарапынан стационарлық үй-жайлар мен діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылу тәртібін нақтылайтын жаңа редакциядағы Нұсқаулықты әзірледі. Нұсқаулық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаевтың 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығымен бекітілді. Мұндай үй-жайлардың мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге 300 метрден кем емес қашықтықта жақын орналасуына қатысты бұрын қолданыста болған тыйымның күшін жою Нұсқаулықтың маңызды жаңашылдық болды, себебі мұндай талап бүгінгі елді мекендердің ерекшеліктеріне сәйкес келмеді.


Сондай-ақ, діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды темір жол және автовокзалдарда, әуежайлар мен порттарда, яғни адамдар ұзақ уақыт бойы жиналатын орындарда ашуға қатысты тыйым алынып тасталды. Сонымен қатар, құдайға құлшылық еті рәсімдерін жасау кезінде тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында үй-жайдың ауданына, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуіне, діни іс-шараны орындау үшін тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілу қажеттігіне қатысты талаптар белгіленді. Осылай, дінге сенушілер үшін мінәжатты мұндай үй-жайларда тиісті және барынша қолайлы жағдайларда орындау мүмкіндіктері қамтамасыз етілді.


Сондықтан біздің тарапымыздан жоғарыда аталған қоғамдық орындарда намазханаларды ашу үшін қандай да бір кедергілер жоқ. Намазханалар қызметінің нормативтік базасы біздің тарапымыздан толығымен жетілдірілді. Ал, олардың практика жүзінде ашылуы намазханалар орналасатын объектілердің меншік иелерінің еншісінде. Сол себепті, әуежайларда, темір жол және автовокзалдарда немесе СОО намазханалар болмаған жағдайда, дінге сенушілер осы объектілердің әкімшілігіне жүгінуі тиіс. Бізге белгілі болғандай, елдің кейбір әуежайларында намазханалар ашылған. Мысалы, Алматы қ. әуежайында намазхана бар.


 




Көрілген: 589    Пікірлер: 0

сенбі, 27.01.2018, 12:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30