Ислам діні

Нұрлан Ермекбаев: Радикалды ұйымдар қатарындағы жастар 80%-ды құрайды

  • Нұрлан Ермекбаев: Радикалды ұйымдар қатарындағы жастар 80%-ды құрайды

    Нұрлан Ермекбаев: Радикалды ұйымдар қатарындағы жастар 80%-ды құрайды

 ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жастар саясатын жүзеге асырумен айналысатын ведомство басшыларының Халықаралық министрлік кездесуіне қатысты. Мәскеу қаласында өткен кездесу әлемнің 70-тен аса елінің өкілдерінің басын қосты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


Аталған кездесудің мақсаты – жастар алдында тұрған қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру бойынша ведомстволардың бірескен іс-әрекетін үйлестіру болып табылады.


Қатысушылар алдында БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі өкілі Джаятма Викраманаяке ханым құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, ашылу салтанатында Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Виталий Мутко, Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрі Ольга Васильева, Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігінің жетекшісі Александр Бугаев, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий сөз сөйледі.


Н. Ермекбаев «Халықаралық қауіпсіздік» тақырыбындағы панелдік дискуссияда сөз сөйлеп, министрлік тарапынан мемлекеттің зайырлылық қағидаларын нығайту және радикализмнің алдын-алудағы заңнаманы жетілдіру бойынша атқарылып отырған жұмысты баяндады.


Министр жастар арасындағы алдын-алу жұмыстарын жүргізуге баса назар аударды.


«Жастарға бұқаралық мәдениет және Интернет күшті ықпал етеді. Бүгінгі күні түрлі радикалды ұйымдардың 80%-ын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Осыған орай, елімізде және жалпы халықаралық жастар ынтымақтастық жүйесінде жастарды бағыттауға және ынталандыруға арналған құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жүйесі болғаны маңызды», - деп атады өз сөзінде Нұрлан Ермекбаев.


Министр отбасылық тәрбие жүйесін нығайту бойынша әлеуметтік жобаларды дамыту мүмкіндігіне назар аудартты.


«Біздің халықаралық деңгейдегі жобаларды іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымымыз бар және барлықтарыңызды жастар саясаты саласындағы ҮЕҰ ресурстарын тартумен ынтымақтастыққа шақырамыз. Бүгін біздің елдеріміз ШЫҰ жастар кеңесі, Түркі кеңесі және ТМД елдері кеңесінің аясында өзара қарым-қатынас жасайды. Осы алаңдарға әр қатысушы мемлекет шығындарын өздері өтейді. Сонымен бірге, біздің оператордың негізінде қаржыландыру жүйесін және аталған алаңдар іс-шараларын үйлестіруді орталықтандыруға болады», - деп өз пікірін білдірді министр Н. Ермекбаев.


Бұдан өзге, Нұрлан Ермекбаев іс-шараға әлі қатыспайтын елдер министрлерінің арасында барлық аталған алаңдардың жұмыс жоспарларын таратуды ұсынды. Осылайша, алынған ұсыныстар халықаралық қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешуге көмектесетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, министр түрлі өзекті сұрақтар бойынша тұрақты онлайн-кеңестер ұйымдастыру арқылы бірлескен жұмыстың форматын жетілдіруді ұсынды.


Еске сала кетейік, Халықаралық Министрлік кездесу 15 қазан күні Сочи қаласында басталатын XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттердің фестивалі қарсаңында өтіп отыр.


.qamshy.kz




Көрілген: 548    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 20:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Желтоқсан, 12:20
    Көрші ақысы – тәңір ақысы
    25 Қараша, 18:16
    Бәрінен озам десең!..
    23 Қараша, 12:11
    Өтіріктен ауыр күнә
    6 Қараша, 12:20
    Құдайдың құдіреті
    1 Қараша, 12:15
    Дертке шипа аяттар
    27 Қазан, 12:28
    Әзілдесудің 5 әдебі
    6 Қазан, 15:20
    Қоянның еті адал ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31