Ислам діні

ОҚО-да әйелі жат ағымның жетегінде кеткен азамат жанайқайын жеткізді

  • ОҚО-да әйелі жат ағымның жетегінде кеткен азамат жанайқайын жеткізді

    ОҚО-да әйелі жат ағымның жетегінде кеткен азамат жанайқайын жеткізді

ОҚО-да «Иегова куәгерлері» бірлестігіне кірген әйел жанұясына тиесілі баспананы сектантарға сыйлап жіберіпті. Соның салдарынан ерлі-зайыптылар ажырасып, екі жақты өмір сүруге тура келген деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Сайрам ауданында тұратын Дүйсенбековтер отбасында үш жылдан бері береке жоқ. Нұрсейіттің айтуынша, жұбайы Эльвира «Иегова куәгерлері» қатарына мүшелікке еніп кеткен. Содан бері шаңырақта үнемі ұрыс шығады екен.


Болмаған соң, ерлі-зайыптылар ажырасып тынған. Оған отағасы діншілдерді кінәлап отыр.


«Әйелімді арбап, үйді де тартып алды. Өздерінің кітаптарын оқиды. Отызыншы қаңтар күні ажырасуыма тура келді. Мені де осы дінге тартқан еді, мен қарсы болдым», - дейді Нұрсейіт Дүйсенбеков.

Күйеуінің сөзін отанасы жоққа шығармайды және жат ағымның жетегінде жүргенін өзі дұрыс деп санайды. Айтуынша, отбасының шырқы бұзылғанын өзі сенген дінге еш қатысы жоқ көрінеді.

«Барлығын құдай туралы айтып жатқан соң мен олардың дұрыс деп ойлаймын. Біздің дінбасылар өздерімен өздері жүріп құдай туралы айтпайды. Ал олар барлығын түсіндіріп тәурәт, Інжіл, забур кітаптарынан және олардың білімдері кітапқа негізделген», - дейді жұбайы Эльвира Қараева.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Ақсукент ауылында «Иегова куәгерлері» ұйымына 59 адам мүшелікке қабылданыпты. Және олардың қатары жылдан жылға артып келеді екен.


«Осы діни бірлестіктің қызметі туралы оның заңсыз іс әрекеттері бойынша бірқатар арыз шағымдар аудандық ішкі істер басқармасын аудан әкіміне түсіп отыр», - дейді Сайрам аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақылбай Жақсыбеков.

Қазір Нұрсейіт Дүйсенбековтің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы жұбайының қолында тәрбиеленіп жатыр. Ал, өзі туыстарының үйін жағалап жүр. 




Көрілген: 1002    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 14:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30