Ислам діні

Оқысаң, кез келген мәселеңнің түйінін шешетін сүре

  • Оқысаң, кез келген мәселеңнің түйінін шешетін сүре

    Оқысаң, кез келген мәселеңнің түйінін шешетін сүре

«Ясин» сүресі Құранның жүрегі болып табылады әрі көптеген қасиеттерге ие. Біріншіден, бұл сүрені оқу - Қасиетті Құранды оқығандай болып табылады және мұнда Құран оқығанның келесідей қасиеттері бар:


1. Алла Тағала былай айтқан: «Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады» (13:28). Жаратушының сөзі — Құранды оқу арқылы адамның жүрегі жай тауып, Алла Тағаламен байланыс орнатылады.


2. Алла былай деген: «Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына (Мұхаммед Ғ.С.ға) ап-ашық аяттар түсірді» (57:9). Құран оқу арқылы адам жете түсінбеушілік пен ессіздіктен, жете түсіну мен ұғынуға әкелетін Жаратушының басшылығына қол жеткізеді.


3. Алла былай айтқан: «Әйтпесе олар, Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы ма?» (47:24). Құран - Алланың және оның жаратқандарының зор құндылықтарына қол жеткізіп, айналамыздағылар туралы ойлану қасиетіне ие етеді.


4. Хадисте былай келтірілген: «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің».


5. «Кімде-кім Құранның бір әріпін оқыса, оған сол үшін сауап жазылады, ал сауаптар он еселенеді, «алиф ләм мим» бір әріп деп ойлап қалмаңдар, «әлиф» - бір әріп, «ләм» - бір әріп, «мим» - бір әріп».


6. «Құран оқыңдар, шын мәнінде ол қиямет күні Алланың құлына шапағатшы болады. Құран былай айтады: «Уа, Жаратушым! Мен оның түнгі ұйқысын бұздым, енді оған шапағатшы болуға рұқсат етші» - оның шапағаты қабыл болады.


 


Нақты «Ясин» сүресі үшін жазылатын сауап:


Құранды он рет оқығандай сауап беріледі.

«Барлық нәрсенің жүрегі бар, ал Құранның сүресі – «Ясин» сүресі, кім оны оқыса, Құранды он рет оқығандай сауап алады».


Күнәнің кешірілуі

«Кімде-кім «Ясин» сүресін оқыса, оның көп күнәлары кешіріледі».


«Кім «Ясин» сүресін түнде оқыса, таңертең оның күнәлары кешіріледі».


Қабірде жатқандардың санындай сауап алу

«Кімде-кім зират басына келіп «Ясин» сүресін оқыса, сол күні қабірде жатқандардың азабы жеңілдетіледі, ал «Ясин» сүресін оқыған адамға, сол зираттарға жерленген адамдардың санындай сауап жазылады».


Мәселенің шешілуі, қиындықтың жеңілдетілуі

«Аш адам оқыса, ол тояды. Адасқан болса, жол табады. Егер малын жоғалтқан адам оқыса, малын табады. Тамағы жетпей қала ма деп қорқып оқыған адамның тамағы жеткілікті болады. Өлім аузында жатқан адамға оқылса, сол адамның өлім алды азабы жеңілдетіледі. Босану кезінде қиындық көріп жатқан әйелге оқылса, сол әйелдің қиындығы жеңілдетіліп, қиналмай босанады».


 




Көрілген: 1359    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 10.09.2017, 18:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 12:11
    Өтіріктен ауыр күнә
    6 Қараша, 12:20
    Құдайдың құдіреті
    1 Қараша, 12:15
    Дертке шипа аяттар
    27 Қазан, 12:28
    Әзілдесудің 5 әдебі
    6 Қазан, 15:20
    Қоянның еті адал ма?
    24 Қыркүйек, 18:01
    Кедейді байытқан дұға
    18 Қыркүйек, 11:49
    Дүниедегі ең қайырлы іс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30