Өлім және қайта тірілу туралы

Өлім және қайта тірілу туралы

Исламның иман негізі әуелі Аллаға сенумен болады. Құранда Аллаға, ақырет күніне сенуге шақыратын аяттар көп. Ақырет күніне сенімнің мәні - өлгеннен кейін қайта тірілудің хақ екендігіне сенумен байланысты.

Ал сол қайта тірілу әһли сүннет сенімі бойынша, әрі тәнмен, әрі жанмен болады.

Ақыретте қайта тірілудің хақ екендігі Құранда анық түрде баян етілсе де, осы мәселені жоққа шығарушылар да баршылық. Олардың пайымы бойынша, адам өлген соң іріп‑шіріп жоқ болады да өмір сонысымен бітіп, о дүние тіптен болмайды. Бұл әрине, тек ақырет мәселесіне емес, жалпы Жаратушының барлығы мен бірлігіне сенімсіздіктен шығатын күпірлік пікірлер. Себебі, сәл ойланып көрген кез‑келген парасатты сана ақырет күніне сенімсіздікпен қарай алмайды. Ғаламзаттағы сәт сайын мың өліп, қайта жанданып жатқан тіршілік тәрізді, бізді де Жаратушы Жаппар Иеміз қалай өлсек, солай тірілтіп алады. Аятта осы мәселеге қатысты Жаратқанның нақты байламы келтіріледі: «Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін оны басқа терілерге ауыстырамыз. Шәксіз Алла тым үстем, хикмет иесі» (4.Ниса-56). Иә, аяттан шығатын пайым біреу. Яғни, азаптаудың астарында жатқан және бір басты ұғым о дүниеде адамның әрі тәнімен, әрі жанымен тірілетіндігі.

Хазіреті Пайғамбарымыз Меккеде дінсіздерге Исламды, ақыретті алғаш түсіндіргенде мүшріктер өлгеннен кейін қайта тірілу сенімін мүлде жоққа шығарып, Пайғамбарымызды келеке еткені белгілі. Ал Қасиетті Құран Кәрімнің осы ақырет мәселесіне қатысты тұстарына назар аударсақ, оның айрықша маңыздылығы көзге ұрып тұр. Қайта тірілудің хақтығы сан түрлі мысалдар мен теңеу тәсілдері арқылы кеңінен баяндалған. Енді осы тұжырымымызды аталмыш тәсілдер арқылы жүйелей отырып, бірқатар аяттардан мысал келтіре кетейік.:

Құранда қайта тірілуді алғашқы жаратылысқа теңейді, яғни мұның мәні бастапқыда қалай жаратылсаң, екінші мәрте де солай жаратыласың. Әрине, бұл жерде жаратылатын нәрсенің пішіндік жағынан ұқсастық сөз болып отырған жоқ. Дәлірегі, Жаратушы бізді бастапқыда қалай жаратса, қайта тірілу де сондай процесс арқылы жүзеге аспақ. Бірде мүшріктердің көсемі Убәй ибн Халаф Пайғамбарымызға шіріген адамның сүйегін әкеліп: «Мына шіріген сүйекті кім тірілтеді?» - деп жұртшылықтың алдында қайта тірілудің болмайтындығын айтады. Дәл осы оқиғаның артынша мына аят түседі: «Олар өз жаратылысын ұмытып, бізге мысал берді: «Міне шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» – деді. Мұхаммед оларға айт: «Оны сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол барлық жаратылысты біледі» (36. Ясин, 78-79).
Қиын да күрделі нәрселер мен құбылыстарды жаратқан Алла, одан оңайын әлбетте жасайды. Асылында, Алла Тағалаға әлемдердің, аспан мен жердің жаратылысына қарағанда адамды жаратудың пәлендей қиындығы жоқ екендігі қисынды. Аятта да мұны бізге анық білдіреді: «Әлбетте, көктер мен жерді жарату, адамдарды жаратудан зор. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді» (40.Ғафыр-57). Жеті қабат аспанды тіреусіз, жерді төсек секілді тегіс етіп жаратқан Алла өлгеннен кейін адамды жеп‑жеңіл қайта тірілтеді. Құранда аспан мен жердің жаратылысының алты күнде жүзеге асқандығы тұрғысында мәлімет болғанымен, адамның жаратылысы тұрғысында ешқандай уақыт өлшемі келтірілмейді. Демек, адамның жаратылысы Алла Тағаланың («кун», «фәякун» ‑ «бол», «бола салу») шексіз құдіретімен байланысты. Міне адамды дәл солай оңай жаратқан Алла ақыретте де оны тап солай жеңіл жолмен тірілтеді: «Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол әр нәрсені жаратушы, толық білуші» (36.Ясин-81). «Олар көрмей ме? Шәксіз Ол сондай Алла, көктер мен жерді жаратты. Сондай-ақ оларды жаратқанда болдырмаған Алланың өліктерді тірілтуге шамасы келеді. Әрине, Оның әр нәрсеге күші толық жетуші» (46.Ахқаф-33).
Адамды өлгеннен кейін қайта тірілту оны әуел баста жоқтан бар етумен салыстырғанда әлдеқайда күрделі іс емес. Мәселенің осы тұсы да аяттарда тайға таңба басқандай анық әрі ұғынықты түрде қамтылған: «Ол сондай жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. Бұл Оған оңай. Әрі көктер мен жердегі жоғары сипат Оған тән. Ол өте үстем хикмет иесі» (30.Рум-27). «Алғашқы жарату Бізді шаршатты ма? Жоқ, олар жаңа жаратылыстан күмәндануда» (50.Қаф-15).

1. Құранда адамның қайта тірілтуін – жансыз, өлі топыраққа теңейді. Қаңырсыған үмітсіз қара жерге дымқыл түсіп, өзегіне су жеткенде көк майса болып көктеп жадырап шыға келетіні секілді шіріген сүйекке де дәл солай жан берілмек: «...Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ құлпырып, көпсиді де әр түрлі көркем өсімдік шығарады. Осы дәлелдер бойынша шын мәнінде Алла хақ. Күдіксіз Ол өлікті тірілтеді. Өйткені барлық нәрсеге күші жетеді. Әлбетте, қиямет келеді. Онда күдік жоқ. Шәксіз Алла қабірдегілерді тірілтеді» (22.Хаж, 5-7).

2. Алла Тағаланың құдіретімен бізге қалыпты көрінетін заңдылықтарға кереғар жайттар да болып жатады. Мысалы, біз сулы ағаштан от шықпайтынын білеміз, от шығу былай тұрсын, дымқыл ағаш отындыққа да жарамсыз емес пе?! Ал Алла Тағаланың құдіреті мен шеберлігінің арқасында сулы, жап‑жасыл ағаштан да от шығады. Тіпті, сулы ағашты адамдар сіріңке ретінде пайдаланып келді. Ертеректегі Африка тұрғындары сіріңке шықпастан бұрын, сіріңке ретінде арнайы қолданып жүрген кәдімгі өсіп тұрған ағашты кесіп, ішіне шыбық сиятындай етіп тесіп, екі алақанымен шыбықты ұстап әлгі ағашты қатты үйкелеп от шығаратын болған. Міне, Құранда осындай жайттарды алға тарта отырып, оларды қайта тірілтудің хикметімен байланыстырады: «Ол сондай Алла сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар (Марых, Ғафыр деп аталатын екі жасыл ағаш). Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол әр нәрсені жаратушы, толық білуші» (36.Ясин, 80-81).

3. Бүгінде әлемдік медицина адам денесіндегі сегіз көз атты сүйектің мүлдем шірімейтіндігін дәлелдеп отыр. Ал бұл мәлімет мұсылмандар үшін аса жаңалық болып табылмайды. Себебі, Хазіреті Пайғамбарымыз адам физиологиясындағы аталмыш ерекшелікті бұдан 14 ғасыр бұрын айтып кеткен еді. Яғни, біз сегіз көз арқылы Алла Тағала ақыретте адамды әп‑сәтте қайта тірілтеді деп білеміз.

4. Адам қайта тірілгенде бәз-баяғы қалпында тірілмек. Құранда бұл жөнінде: «Адам баласы біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма? Әрине, оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз» (75. Қиямет, 3-4) деп, тіпті саусақтағы іздерге дейін өзгеріссіз қайта тірілетіні айтылады.

5. Өлім мен қайта тірілуді күз бен көктем айына ұқсатуға болады. Күзде жер бетіндегі күллі өсімдік атаулы қурап, шіріп, ағаштар сояу-сояу болып жазғы көркінен айрылады. Мұны көріп, сіз бәлкім: «Мыналардың бәрінің шаруасы біткен екен. Ай бұлар енді қайта көгермес», - дерсіз. Шындығында солай ма? Әсте олай емес, әрине, олардың өзі қуарғанмен өзегі, тамыры тірі. Әлгі сіз өлі деп топшылаған өсімдік әлемі қалай көктем келісімен солай жанданып жасыл желекке бөленіп шыға келеді. Бұл өсімдіктер қайдан шықты? Күздегі өсімдіктер өліп қалмап па еді? Иә, бұл ұлы механизм – Жаратушының шексіз хикметімен көмкерілген. Демек, қабірдегі шаруасы біткен жандай көрінетін өлі дене көктемде қайта жанданған ағаштай қайта тірілері хақ. Сөйтіп, Исрафил екінші рет сурға үрлегенде пенде қабірде қайта тірілмек. Адамның тәні шірігенімен жаны тірі, ол жан тіршілігі бәрзах (көмескі) әлемінде болады. Ақыретте Алланың әмірімен жан мен тән қайта қауышады.

( «Иман негіздері» кітабынан )

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста