Ислам діні

Өлімнен басқаның бәріне ем ғажайып өсімдік

  • © islam.kz

    © islam.kz

Қара зере, кейінгі кездері мұсылман жамағатының арасында кең қолданысқа ие болып та үлгерді. Оның емдік қасиеті көпшілікті таңқалдырарлық. Жалпы бұл ғажайып өсімдік туралы не білеміз?


Ол сарғалдақ тұқымдас өсімдіктер тобына жатады. Оның дәні мен жемісі қара түсті, әрі ол жапырағына ораулы болады. Ал гүліне келсек, ол ақ түсті, аздап жасыл түс байқалуы мүмкін. Жемісін беретін кезі көктемнің соңы мен жаз айларына таяу болады. Ол негізінен Жерорта теңізі аумағында, Азияның батыс тұстарында және Африканың солтүстігінде өседі.


Расында Пайғамбарымыз (с.а.у) қара зерені барлық ауруларға қарсы қолдануға өсиет еткен. Хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Расында қара зереде самнан басқасының бәріне ем табылады» дегені айтылды, сонда сахабалар: «Уа, Алланың елшісі, «сам» деген не?» деді. Пайғамбар (с.а.у.): «өлім», деп жауап берді. (Бухари, Муслим)


Расында Пайғамбарымыз (с.а.у.) Құранда Алланың баяндағанындай «Ол өз ойынан сөйлемейді, сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» (Нәжім, 3-4) болған. Сол себепті де ешбір сөзі ақиқатқа қайшы келмеген, келмейді де. Қазіргі таңда қара зере жан-жақты ғылыми зерттеліп те үлгерді. 100 грамм қара зеренің құрамында 16,67 г ақуыз, жалпы майы - 33,33 г, көмірсу - 50,50 г, темір - 12,0 мг.


Қара зеренің денсаулыққа қатысты емдік мынадай пайдалары бар:


Қара зере шаштың түсуін азайтады, шашты қуаттандырып, қалыңдатады;


Зерттеулер барысында қара зеренің есте сақтау қабілетін жақсартатын қасиеті анықталған;


Қара зере тері ауруларына қарсы қолданылады. Безеулер мен терінің құрғақтануын емдейді. Сонымен қатар қартаюдың белгілерін тежейді;


Қан қысымының көтерілуі мен түсіп кетуіне қарсы қолданылады. Себебі қара зере қан айналым жүйесін жақсартатын қасиетке ие, ал бұл өз кезегінде жүрекке де мол пайдасы бар демек;


Иммунитетті күшейтеді;


Ісіктерге қарсы пайдасы мол;


Денені улы заттардан тазартады, қара зерені көкнәрға тәуелді болып қалған адамдарды емдеуге қолданады;


Сонымен қатар көптеген зерттеулер қара зеренің зиянды сәулелерге қарсы, әсіресе ми жасушаларына зиянды сәулелерге қарсы мол пайдасы бар екенін анықтады. 


islam.kz




Көрілген: 1700    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

сәрсенбі, 04.10.2017, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қаңтар, 12:52
    Боза ішу харам ба?
    29 Желтоқсан 2017
    "Харам" дүкені ашылды
    26 Желтоқсан 2017
    Қыздың орны – төр
    24 Желтоқсан 2017
    Шайтан айтқан шындықтар
    21 Желтоқсан 2017
    Тағдыр жазылып қойған ба?
    17 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    17 Желтоқсан 2017
    Сириядағы жетімдік
    15 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    13 Желтоқсан 2017
    Қиямет-қайым болғанда...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31