Өмірді ұзартудың ең оңай жолы

Өмірді ұзартудың ең оңай жолы

 Алла тағаланың разылығын көздеп, ақысын талап етпей мұқтаждарға сыйға берілген мал-мүлік, ақша және жасалған әр түрлі жақсылықтар мен көмектер, ихсандар садақа болып есептеледі. Мұсылман алдымен отбасын, бала-шағасын халал жолмен қоректендіріп, халал жолмен киіндіруі керек. Сосын артылған ақшасынан зекет, садақа беруі шарт.

Алла тағала адамға денсаулық, шипа беру үшін дұға етуді, садақа беруді және дәрі қолдануды себепші қылған. Пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уәсәлләм»: «Мал-мүліктеріңді зекет беру арқылы қорғаңдар. Ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер! Дұға ету арқылы бәле-жаладан сақтаныңдар!» деп бұйырған.

«Задул-муқуин» кітабында бес нәрсені істемеген адам бес нәрседен құр қалады делінген:

1) Мал-мүлкінің зекетін бермеген адам мүлкінің қайырын көре алмайды.

2) Егістігінің ұшырын бермеген адамның тапқан табысының берекесі болмайды.

3) Садақа бермеген адамның денсаулығы нашарлайды.

4) Дұға етпеген адам қалауына қауыша алмайды.

5) Намаз уақыты кіргенде оқығысы келмеген адамның соңғы демінде кәлимаға тілі келмейді.

Хадис шәрифте: «Тағдыр алдын алу, сақтану арқылы өзгермейді. Бірақ қабыл болған дұға бәле келген кезде сақтайды» делінген.

Бір күні Иса алейһиссалам бір күні жолда кір жуып жатқан адамды көріп, сәлем беріп өтеді. Ол жерден біраз алыстағаннан кейін Иса алейһиссалам:

- Қайтарда бұл адамның жаназасына дайын болыңдар,- дейді. Кейін қайтар жолда әлгі адамның тірі екенін көреді. Бұған таңғалған Иса алейһиссалам Жәбірейіл алейһиссаламнан:

- Йа Жәбірейіл! Бұл адамның өлетіні маған білдірілген еді. Алайда өлмепті. Себебі не?- деп сұрайды. Сонда Жәбірейіл алейһиссалам:

- Йа Иса, ол адамның кірінің арасында жатқан қара жылан оны шағып өлтіруі керек еді. Бірақ, ол адам садақа беріп, соның арқасында оның өмірі ұзартылды,- деп жауап берді. Кейін сол адамның кірінің арасын қарағанда қап-қара өліп қалған жыланды көреді.

Қорыта айтқанда қабыл болған дұға және садақа келе жатқан бәлені қайтарады. Келген бәлелердің кетуіне, өмірдің ұзаруына себеп болады. Пайғамбарымыз айтқандай: «Садақа бәлені қайтарады және өмірді ұзартады».

m.islamdini.kz
 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста