Ислам діні

Оразаны қандай амалдар бұзады?

  • © 716.kz/news

    © 716.kz/news

Ораза ауыз, мұрын және құлақ сияқты табиғи жолмен асқазанға және миға ас-су, дәрі-дәрмек және т.б. заттар енумен бұзылады. Сонымен бірге, әл-күш беретін қан тамыр арқылы егілген дәрі-дәрмек. Сондай-ақ, жыныстық қатынас.


Ал, енді аздап кеңірек айтар болса, оразаны төмендегі амалдар бұзады:


1. Әйелін сүю, аймалау немесе құшақтау арқылы бойынан ұрық шықса;

2. Ноқат дәнді, тасты немесе темірді жұтса;

3. Клизма қою, темекі мен насыбай ату;

4. Құлаққа дәрі тамызу;

5. Қарынның асқазанмен байланысы бар жарақатына немесе бастың мимен байланысы бар жарақатына сұйық дәрі құю. Дәрі асқазанға немесе миға барса, ораза бұзылады;

6. Таң атпады деп сәресі ішуді жалғастырып, кейіннен таң атып кеткені белгілі болса;

7. Күн батты деп ауыз ашып, артынан күн батпағаны мәлім болса. Жоғарыда аталған жағдайда ораза бұзылады және қазасы өтелуі керек[1].


Еріксіз құсу және өзін мәжбүрлеп құстыру оразаны бұза ма?


- Еріксіз құсса ораза бұзылмайды. Ал, әдейілеп өзін құстырса және аузы толып құсса, оразаның қазасын өтеуі қажет.


Қандай жағдайда оразаның қазасымен қоса кәффаратын да өтеу қажет?


- Келесі жағдайларда оразаның қазасы және каффараты бірге өтеуі керек:


1. Әйелімен әдейі жыныстық қатынасқа түссе;

2. Қорек немесе ем болатын тағам немесе дәрі-дәрмекті қасақана ішіп-жесе.


Бұл жағдайда ораза бұзылады. Және оразаның қазасымен қатар кәффараты да өтелуі парыз болады.


Кәффарат деген не?


- Кәффарат – бір құлды азат ету. Бұған шамасы келмейтін адам қатарынан арасын үзбей екі ай ораза тұтып беруі тиіс. Оған шамасы келмесе алпыс мұқтажды тамақтандыруы керек.


Рамазан оразасынан басқа оразаларды бұзған кісіге де кәффарат өтеуі міндет пе?


- Рамазан оразасынан басқа уәжіп немесе нәпіл оразаларды бұзған кісі кәффарат өтемейді. Тіпті, рамазан қазасын бұзса да. Тек оразаның қазасын өтеумен шектеледі.


Оразаны не нәрсе бұзбайды?


Төмендегі амалдар оразаны бұзбайды:




1. Ұмытып тамақтану, сусын ішу және жыныстық қатынас жасау;

2. Ораза тұтушы ұйықтап жатып бойынан ұрық кетсе;

3. Әйелге қарап бойынан ұрық кетсе;

4. Аяқ-қолына және денесіне май (крем) жағу;

5.Қан алдыру (хижама), көзіне сүрме жағу;

6. Әйелін сүйсе, бірақ бойынан ұрық шықпаса[2]. 


mazhab.kz




Көрілген: 1722    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 10:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31