Ислам діні

«Оразаның уақытын хабарлаған адамға тозақ оты харам» деген хадис бар ма?

  • © Karaganda Inform

    © Karaganda Inform

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы инстаграмдағы alhamdulillah_musylmanbyz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Дін мамандарының айтуынша «Оразаның келуімен хабарлаған адам тозақтан аман қалады» немесе «тозақ оты оған харам болады» деген хадис жоқ.


Және әлгіндей болмашы іс үшін көп дүниені уәде ететін хадистер көбіне ойдан шығарылған «жалған хадистер» болып келеді[1]. Хадис – діннің Құраннан кейінгі негізгі қайнар бұлағы. Жалған хадистер көбейсе діннің ақиқаттығына көлеңке түсіп, сафтығы кірбің шалады. Сондықтан да, хадис ретінде тарататын дүниелердің дұрыс-бұрыстығына аса мән берілген жақсы.


Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахих бір хадисінде: "Кім менің атымнан әдейі жалған сөйлетін болса, тозақтағы орнына дайындала берсін", - деп қатаң ескерткен[2]. Басқа бір «сахих» хадисте: "Кімде-кім өтірік екендігі білініп тұрса да хадис риуаят етер болса (жалған екендігін біле тұра өзгеге айтса "хадис" деп), ол да өтірікшілердің бірі", - делінеді[3]. Әйтсе де, бұл "Рамазан айының уақытын жария ету немесе Рамазан айымен құттықтау харам" деген сөз емес. Пайғамбарымыз да Рамазан айының келуімен құттықтап, сүйіншілейтін (Имам Ахмад: Мүснәд - №6972 хадис). Жақсылықтың жаршысы ретінде сауап та болады, Алла қаласа. Алайда, жоғарыдағы жалған мәліметті арқау етіп: "Ораза уақытын хабарлау - тозақтан құтылудың бірден-бір жолы" деп сену әрі ондай мәліметті тарату дұрыс емес. [1]


Абдусамат Қасым 




Көрілген: 923    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.05.2018, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31