Ислам діні

Пәле-жала неден пайда болады?

  • © islam.kz

    © islam.kz

Ислам дінінде барлық тылсым мен адам тағыдырына қатысты істердің шешімдері толық, әлдеқашан айтылып қойған десек қателеспейміз. Адам баласының басына түскен жақсылық пен жамандық адамның өз әректетіне тікелей байланысты болып келеді. «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» деп қазақ ақындарының жырлауы тегі емес болса керек.


Алла Тағала қасиетті Құранның «Шура» сүресінің 30 аятында:


«Бастарыңа келген кез келген қасірет қол екі істегендеріңнің салдарынан болады. Бірақ Алла көбін кешіп жібереді», - деп Ұлы Жаратушының сондай мейірімді әрі ерекше қамқор екендігін айтады.


Сонымен қатар Құранның «Әли-Ғимран» сүресінің 165 аятында «Өздеріңе келген сәтсіздік, сендер жауларыңның басына келтірген сәтсіздіктің жартысындай-ақ еді. Сонда да сендер: «Бұл сәтсіздік қайдан келді?,-дедіңдер. «Бұл өздеріңнен (пейілдеріңнен) болды»,-деп айт (ей Мұхаммед), Алланың баршаға құдыреті кәміл», - деп көрсеткен.


Адамның зұлымдықтан құтылудың бірден бір жолы алдымен өзі жамандық жасаудан тыйылып, Алланың хақ жолымен жүрсе ғұмыры ғибратқа толы болмақ. Сонымен қатар Ала Тағаладын әр кез тура жолда болуды сұрау, тілеу керек.


Абдулла ибн Ұмардан жеткен хадисте: Алла Елшісі (с.а.у.): «Сендерге жамағатты өсиет етемін, бөлінуден сақтаныңдар. Шайтан жалғыздар мен бірге, екі кісіден алыс жүреді»,- деп ынтымақты басты орынға қойған.


Сонымен қатар адам халал ас ішіп, адал еңбегімен күнелтіп, тек қайырлы іс жасап жүрсе оның өмірі де соғұрлым нұрлы, берекетпен жақсылыққа толы болмақ.


Қазақ халқы қашанда тек қана жақсылық тілеген. Өзіне қандай жақсылық тілесе, басқаға да сондай жақсылық тілеген. «Атаңа не жасасаң алдыңа сол келер», «Жақсылық жасаған берекетке кенелер, жамандық жасаған кедергіге кезігер» деген қанатты сөздер бар. Бабаларымыз болашаққа тек жақсылықпен қараған. Әр кез қиындық көрсе де, Алладан үміт үзбеген.


Ұлы Жаратушы Алла Тағала басқаға жақсылық жасаған адамды Өзі жақсылықпен жарылқайды. Ал басқаға жамандық немесе зұлымдық жасаған адам жамандыққа жолығу әбден мүмкін.


Сондықтан пәле-жаладан аман болайық дексек, әр кез жақсылықпен ізгілік ойлайық.


islam.kz


 




Көрілген: 610    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 15.11.2017, 11:55

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 12:20
Құдайдың құдіреті
1 Қараша, 12:15
Дертке шипа аяттар
27 Қазан, 12:28
Әзілдесудің 5 әдебі
6 Қазан, 15:20
Қоянның еті адал ма?
24 Қыркүйек, 18:01
Кедейді байытқан дұға
18 Қыркүйек, 11:49
Дүниедегі ең қайырлы іс

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30