Пайғамбарымыз (с.а.у.) алғашқы жұма намазында не деді?

Пайғамбарымыз (с.а.у.) алғашқы жұма намазында не деді?

Құба мешітінің маңызы

Құба мешіті Ислам тарихында ерекше маңызға ие. Пайғамбардың өзі бас болып құрылысына қатысқан, мүбәрак қолдарымен кірпішін қалаған бұл ғибадатхана Құранда "Тақуа мешіті" деп бейнеленген. Тәуба сүресінің 108-аятында Аллаһ Тағала бұл мешіт жайында былай деген: «(Мұхаммед!) Ол мешітте әсте намаз оқыма. Әу бастан-ақ тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруыңа әбден лайық. Онда заттың және рухани кірлерден тазалануды жанындай сүйетін адамдар бар. Алла да тазаланғандарды сүйеді».

Бұл ғибадатханаға Алла Расулы ғұмыры бойынша әр сенбі сайын жаяу не көлікпен келіп зиярат етіп, ішінде намаз оқитын. Мұсылмандарға да барынша тазарып келіп, Құба мешітінде намаз оқыған адамға Умра - кіші қажылық сауабы жазылатынын ескерткен.

Ислам жолындағы кедергілер ақырындап жойылып, иман нұры шартарапқа жайыла бастаған кезеңде тұрғызылуының өзі Құба ауылындағы мешіттің маңызын арттыра түсетіндей...

Құбадан аттаныс

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Құбада он күн болып, кезекті жұма күні Мәдинаға аттанды. Кәсуа атты түйесіне мінген Алла Елшісі жанында Нәжжар ұлдарынан қарулы жүз әскер, садық досы Хазіреті Әбу Бәкір бар еді. Сырттай қарағанда Құба ауылынан Мәдинаға бет түзегендердің көрінісі көңіл қуантарлықтай ғибратқа толы болатын. Бір кездері Меккеде өзін қолдайтын бірде-бір адам болмай, азапты күндерді өткерген Пайғамбарлар Сұлтаны енді жүректерін иман жаулаған нұр жүзді, жүздеген тілеулестерінің ортасында келе жатыр. Бұл топ өздеріне дүние мен ақыреттің жолын көрсеткен ұлы тұлғамен таңның атысы, күннің батысы зарыға, сарыла қауышқан еді. Әрбіреуінің жүзіндегі сол сәттегі шаттықты тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.

Өмір ағысы оңалған сыңайлы. Тағдыр тауқыметін көтере алғандарға күле қарай бастаған. Мұсылмандар көңілі жайланған, өмірлеріне дән риза. Бәлкім, адамзат тарихындағы ең бақытты шақтың көрінісі осы ма еді, кім білсін?!

Мәдина маңындағы тұңғыш жұма намазы

Алла Елшісі жолшыбай Салим ибн Ауф ұлдарының мекеніне соғып, Рануна алаңқайында жұма намазын оқыды. Бұл - Пайғамбарымыздың Мәдинадағы тұңғыш жұма намазы. Намаздан кейін Аллаһ Расулы екі хұтба жасады. Аллаға мадақ айтқан соң ол былай деді:

"Уа, халайық! Денсаулығыңыз бар кезде ақырет үшін азық жинаңыздар. Қиямет-қайымда шопансыз қалған қойдың да сұрауы болады. Хақ Тағала барлық пенделерін есепке тартады. "Саған мен елшімді жібердім. Расулым тура жолды түсіндірмеді ме? Мен саған мал-мүлік, ғұмырың бойынша ырзық-несібе бердім. Ал сен ақырет үшін не жинадың?" дегенде пенде оңына, солына қарап, ештеңе көре алмайды. Ақыретке азық жинамаған болса, алдынан тозақ оты көрінеді. Сондықтан кімде-кім мына дүниеде жарты құрмамен болса да, жақсылық жасасын. Өзін ақырзаманда құтқаратын амал жасасын. Ол да болмаса, жақсы сөз сөйлеп құтқаруға тырыссын. Жақсы сөз де - сауап.

Алланың сәлемі, берекеті мен рақметі жаусын!»

Екінші хұтба

Екінші хұтбаның қысқаша мазмұны былай:

"Алла Тағала ғана мақтауға лайық. Алланы мадақтап, оған шүкір ете отырып, одан жәрдем тілеймін. Нәпсіміздің шерінен (жаманшылығынан) және жамандық жасаудан Аллаға сыйынамын. Алла таңдап хақ жолға түсірген пендесіне ешкім де кедергі бола алмайды. Алла қаламағанды ешкім де тура бағытқа сала алмайды.

Алладан басқа тәңірінің жоқтығына куәлік келтіремін. Ол - жалғыз, серіксіз.

Сөздің ең көрнектісі - Алланың кәламы. Кімде-кімнің жүрегіне Алла Тағала Құранмен өрнек салып, күпірліктен айықтырған соң, ол пенде Құранды басқа сөзден төмен санаса, ақыры қайыр болмайды.

Шынында да, көркем сөздің мәйегі - Алланың кітабында. Алланың ұнатқанын ұнатып, ұлы Жаратқанға шексіз сүйіспеншілікпен беріліңіздер. Алланы зікір етуден (еске алып, айтудан) жалығушы болмаңыздар. Алланың сөзіне шүбә келтірмеңіздер. Өйткені Ол не нәрсенің де ең жақсысын таңдай біледі. Адамға арам мен адалды ажыратып көрсеткен де - Сол. Аллаға ғибадат етіңіздер. Оған ешнәрсені ортақ қоспаңыздар. Тек қана жақсылық жасауға әрекеттеніңіздер. Бір-біріңізді Алла ризалығы үшін жақсы көріңіздер. Алла антын бұзғандарға азап береді. Бәріңізге Алланың сәлемі, рақымы жаусын!"

islam.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста