Ислам діні

Пайғамбарымыз (с.а.у.) мақтаған 6 түрлі адам

  • © islam.kz

    © islam.kz

Көптеген хадистерде адам баласын сауапқа кенелтетін амалдар жайлы жиі айтылады. Солардың арасында адам баласын үмбетінің ішінен даралап тұратын қасиеттерге ие «жақсы жандардың» да сауапқа кенелетінін ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) айырықша атап кеткен екен. Бойынан дара қасиеті мен мұндалап, даралап тұратын ол адамдарға жеке-жеке тоқталайық:


Дос бола алатын әрі өзгеге пайдалы бола алатындар


Жәбир ибн Абдулла (р.а.) жеткізген хадисте: «Мұсылман адам үнемі достық пен келісім іздейді әрі өзі де дос болуға құштар жан. Өзгелермен дос бола алмайтын әрі өзімен де дос болуға келмейтін адамда жақсылық жоқ. Адамдардың жақсысы – өзгелерге пайдалы болғаны», - делінген. (әд-Дарақутни)


Өзгелерге пайдалы болу саңлақ сахабалар арасында да жоғары бағаланған қасиет болатын. Ол кісілер өздері жәрдем берген адамға қарыздармыз деп санайтын, себебі сол адамдарға көмек беру арқылы Алладан сауап алдық дейтін. Ибн Аббас (р.а.): «Мына үш адамға қарыздармын: маған бірінші болып сәлем бергенге, жиында ығысып маған орын бергенге және маған сәлем беру үшін жолға шығып, аяғын шаң басқан адамға. Ал төртінші адамға келер болсам, ол адамның маған жасаған жақсылығын Алла Тағаладан өзге ешкім өтей алмайды, ол басына қиыншылық келгенде түнімен «кімнен көмек сұрасам екен» деп ойланып, мәселесін шешіп бере алатын лайықты адам деп мені тауып, менен келіп жәрдем сұраған адам»,- деп айтқан.




Отбасына жақсы мәміледе болатындар


Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте ардақты Елші (с.а.у.): «Сендердің араларыңдағы жақсыларың – жанұяларыңа жақсы болғандарың», -деген. (Тирмизи)


Сондай-ақ, өзге бір хадисте: «Сендердің иман тұрғысынан ең үстемдерің мінезі жақсы болғандарың және отбасына ең жақсы, ең мейірімді мәміледе болғандарың»,- деген. (Ахмад, Тирмизи)


Бірінші сәлем беріп әрі мәмілеге бірінші болып келетіндер


Адамдармен достасу кейбір хадистерде намаз, тіпті ораза мен садақадан да жоғары орынға қойылған. Өкпесі ұлғайып, достық қатынасы үзілмей тұрып мұсылман бауырымен бірінші болып мәмілеге келген адам ардақты елші атап кеткен «жақсылардың» қатарынан орын алған:


«Бір мүміннің мүмін бауырына үш күннен артық суық қабақпен қарауы адал етілмейді. Кезігіп қалғанда олар теріс айналады, алайда ең жақсысы - бірінші болып сәлем бергені» (Бұхари, Муслим).



Мінезі көркем болғандар


Қиямет күні мүміннің амал таразысында көркем мінезінен ауыр тартатын нәрсе болмайды. Мына өмірде болса көркем мінез жүректерге тыныштық, жанға жайлылық сыйлап және өзіңмен де, өзгелермен де қарым-қатынасымыздың жақсы болуына кепіл.


«Шын мәнінде, сендердің ең жақсыларың – көркем мінезділерің»,- деген әз елші. (Ахмад, Әбу Дәуід)

Сонымен қатар, «Расында, қиямет күні маған сүйіктілерің әрі ең жақын отыратындарың – көркем мінезділерің»,- деп адамзаттың бақытына баланған игі жақсылықтың бірі көркем мінез екенін айтып кеткен. (Тирмизи)


Дүние мен ақыретін тең ұстаушылар


Ислам – орта жол. Шынайы иман еткен жан – дүниесі мен ақыретін қатар алып жүретін адам. Дүние, дұрыс пайдалана білген адамға ақыреттің бақытына қауыштырар көлік. Әнас ибн Мәліктен (р.а.) жеткен хадисте:


«Сендердің жақсыларың ақыреті үшін дүниесін, дүниесі үшін ақыретін тәрк етпеген және адамдарға масыл, жүк болмағандарың»,- делінген. (әс-Суюти)


Құранды үйреніп, оны үйрететіндер


Осман ибн Аффан (р.а.) Алла елшісінің (с.а.у.): «Сендерің жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің»,- деп айтқанын жеткізген. (Бұхари)


Құран – бұл өмірде басшымыз, демеуші әрі жүрегіміздің тыныштығы болса, ақыретте – шапағат әрі дәрежемізді көтеруші. Құран аяттарын көп жаттаған адамның жұмақта дәрежесінің аса жоғары болатындығын Абдулла ибн Амр әл-Ас (р.а.) риуаят еткен хадисте:


«Құран иесіне (Құран оқып жаттаған адам) былай делінеді: Оқы және жоғарыла (төрлет), оқы, дүниеде қалай оқыған болсаң дәл солай оқы. Расында, сенің орның ең ақырғы оқылатын аятта»,-деп көрсеткен. (Ахмад, Әбу Дәуід, ибн Мәжа, ибн Хиббан, Тирмизи)

Алла Тағала баршамызды Өзінің ардақты елшісі атап кеткен «жақсылардың» барлық сатысынан болмаса да, бірнешеуінен бой көрсетіп, сол қасиеттерімізбен даралануды нәсіп етсін! 


islam.kz




Көрілген: 1174    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.11.2017, 11:52

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
15 Наурыз, 11:17
Қабір өмірі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30