Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ас мәзірі

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ас мәзірі

1. Арпа наны
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі (с.а.у.) мен Оның отбасы бірнеше күн қатарынан аш түнейтін. Кешкі асқа талғажау етерлік нәрсе таппайтын. Негізінен жейтіндері де арпаның наны еді (Ибн Мәжә).
Айша анамыз былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүниеден озғанға дейін Оның отбасы арпа нанын тоя жеген емес (Ибн Мәжә).
2. Тәтті және бал
Айша анамыз былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) тәтті мен балды сүйетін» (Ибн Мәжә, Дарими).
3. Зәйтүн майы
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Зәйтүн майын жеңіздер және жағыныңыздар. Өйткені, зәйтүн майында берекет бар. Зәйтүн майы берекелі ағаштан алынады» (Ибн Мәжә, Дарими).
4. Тауық еті
Зәһдәм әл-Жерми былай дейді: «Әбу Мұсаның үйіне барған едік. Ол тауық етін жеп отыр екен. Бізге де ұсынды. Арамызда Теймұллаһұлдарынан бір адам бар еді, ол тамаққа қол созбады. Мұны байқаған Әбу Мұса: «Кел, тамаққа жақында. Мен тауық етін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) да жеп отырғанын көрген едім», – деді (Дарими).
5. Құрма және сүт
Әбу Халид былай дейді: «Құрма жеп, сүт ішіп отырған бір адамның үйіне кірдім. Ол: «Кел!», – деп дастарханға шақырды да: «Пайғамбарымыз бұл екеуін «екі тамаша және халал ас» деп атаған еді», – деді (Ахмад бин Ханбал).
6. Анар
Хазірет Әлиден (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Анарды ішіндегісімен жеңдер. Өйткені, ол асқазанды тазалаушы», – деген (Ахмад бин Ханбал).
7. Айва
Хазіреті Талһа былай дейді: «Бірде Пайғамбарымызды (с.а.у.) зиярат етуге барған едім. Қолында айва жемісі бар екен. Маған: «Ау, Талһа, кел же! Айва жүректі қуаттандырады, көңіліңді хош қылады», – деді (Ибн Мәжә).
Ибн Аббас былай дейді: «Жәбир бин Абдуллаһ (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.у.) Тайфтан әкелген бір айва берді. Пайғамбарымыз: «Бұл кеудедегі қайғыны қайтарып, жүректі жарқыратады», – деді (Табарани).
8. Сірке суы
Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте: Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сірке суы – неткен тамаша тұздық!», – деді (Ибн Мәжә, Әбу Дәуіт).
Үммү Сағдтан жеткен хадисте: «Бірде Айшаның (р.а.) жанында едім, Пайғамбарымыз (с.а.у.) кірді де: «Түскі асқа жейтін бірдеңелер бар ма?», – деп сұрады. Айша: «Кепкен құрма мен сірке суы бар», – деді. Пайғамбарымыз: «Сірке тамаша тұздық. Аллаһым, сіркені берекелі ет! Өйткені, сірке маған дейінгі пайғамбарлардың да тұздығы еді. Сірке суы бар үй кедей саналмас!», – деді. (Ибн Мәжә).
9. Кепкен құрма
Айша (р.а.) анамыз былай дейді: Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үйінен кепкен құрма табылмаған отбасы мүшелері аш саналады», – деді (Мүслим, Әбу Дәуіт, Тирмизи, Ибн Мәжә).
10. Нан мен құрма
Юсуф бин Абдуллаһ бин Сәләм былай дейді: «Мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір тілім нан алып, оның үстіне құрма қойып: «Міне, мынау мынаумен бірге желінуі керек», – деп жегенін көрдім» (Әбу Дәуіт).
11. Май
Бусрлық Сүлем қауымынан ағайынды Абдуллаһ пен Атиадан жеткен хадисте былай делінген: «Бір күні жанымызға Пайғамбарымыз (с.а.у.) келді. Біз оған май мен құрма бердік. Пайғамбарымыз май мен құрманы бірге жегенді өте қатты ұнататын» (Әбу Дәуіт).
12. Қарбыз
Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) қарбыз бен жас құрманы бірге жейтін де: «Мынаның ыстығын мынаның суығы, мынаның суығын мынаның ыстығы басады», – дейтін (Әбу Дәуіт, Тирмизи).
13. Қияр
Абдуллаһ бин Жағфардан жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) қияр мен жас құрманы бірге жейтін» (Ибн Мәжә, Әбу Дәуіт).
14. Қауын
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) қауын, қарбыз және қиярды қатты сүйетін» (Тирмизи).
15. Асқабақ
Әнәс (р.а.) былай дейді: «Бірде бір тігінші Пайғамбарымызды (с.а.у.) Оған арнайы тамақ әзірлеп, қонаққа шақырды. Мен де Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге бардым. Үй иесі дастарханға арпа нанын, асқабақ қосылған бір сорпа және сүр ет әкелді. Мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) табағының айналасындағы асқабақтарды теріп жеп отырғанын көрдім. Міне, сол күннен бері асқабақты сүйіп жейтін болдым» (Ибн Мәжә, Тирмизи, Әбу Дәуіт, Мүслим).
16. Пияз
Әбу Аюб Әнсаридің әйелі Үмми Аюб (р.а.) былай дейді: «Мен Пайғамбарымызға (с.а.у.) пияз, сарымсақ секілді жағымсыз иісті көкөністер қосылған бір тамақ әзірледім. Алайда, Пайғамбарымыз (с.а.у.) жемеді де былай деді: «Мен досымның (Жәбірейіл періште) жағымсыз иістен жиіркенгенін қаламаймын».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста