Пияз жеп, намаз оқуға бола ма?

Пияз жеп, намаз оқуға бола ма?

Ассаляму'алейкум! Пияз жегеннен кейн пияздың иісі шығып тұрса, намаз оқуға бола ма? Алтынбек.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Шикі пияз жеген адамға намаз оқуға болады. Тек, ауыздағы жағымсыз иіс қайтқанға шейін мешітке бармаған абзал. Алла елшісі (с.а.у.) бір сөзінде: «Кім сарымсақ не пияз, яки, жуа жеген болса, бізден ұзақ тұрсын немесе мешітімізден ұзақ тұрсын. Үйінде отырсын...», - деген[1]. Ондағы мақсат – ауыздағы жағымсыз иістен өзге мұсылмандарды ыңғайсыз жағдайға түсірмесін дегендік.

Сахаба Әбу Саъид әл-Худри (р.а.) Пайғамбарымыздың жанында сарымсақ пен жуа жайында сөз етеді. Сонда Пайғамбарымыздан: «Уә, Расулаллаһ! Олардың арасындағы ең қаттысы (иісі қаттысы) – сарымсақ. Оны харам етесің бе?, - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Оны жеңдер. Сендерден кім сарымсақ жеген болса, иісі кетпейінше мешітке жақындамасын», - деп жауап береді[2].

Бұдан келіп шығады: аталмыш көкөністерді жеуге руқсат, тек, мешіт секілді көпшілік жиналатын жерлерге жеп бармаған дұрыс.

Бұл айтқандырымыз пияз бен сарымсақтың піспеген түріне қатысты. Ал, тамаққа қосылып, пісірілген сарымсақ пен пияздарды жеп, мешітке келе беруге болады. Басқа бір хадисте: «Егер, ол екеуін (пияз бен сарымсақ) жеу керек болып тұрса, оларды пісіру арқылы өлтіріңдер», - делінеді[3].

Және Айша анамыздың: «Алла елшісі ішкен ең соңғы ас – ішіне пияз қосылған ас етін», - деген сөзі бар.

Қорытындылай келе, пияз жеген кісінің оқыған намазы дұрыс. Тек, шикідей пияз немесе сарымсақ жегісі келген кісі мешіттегі жамағат намазына барарда емес, одан көп уақыт бұрын не мешіттен келгеннен кейін жегені жөн. Бұнымен қатар, мешітке шығарда тіс пастасы, арнайы ауыз тазалағыш спрей секілді заттарды пайдаланса да артық етпейді. Сондай-ақ, оқу орындарына, әртүрлі конференцияларға, сұхбаттарға, жұмыс орнына т.б. көпшілік жиналатын жерлерге сарымсақ, жуа сияқты жағымсыз иіс шығарар тағам түрін жеп бармауға маңыз аударған дұрыс.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

[1] Әбу Дәуід: әл-Атъима - №3822.
[2] Әбу Дәуід: әл-Атъима - №3823.
[3] Әбу Дәуід: әл-Атъима - №3827.

Абдусамат Қасым 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста