Ислам діні

Планшеттен оқыған құранның сауабы бар ма?

  • Планшеттен оқыған құранның сауабы бар ма?

    Планшеттен оқыған құранның сауабы бар ма?

Ассаламуғалейкум! Құран Кәрімді дәретсіз планшет немесе телефон сияқты электронды құрылғыдан оқыса сауабы бола ма?

Уағалейкум ассалам!


Құран Кәрімде: «Оны (Құранды) тазаланғандар ғана ұстайды[1]», - деп дәретсіз Құран кітабын ұстауға болмайтындығы айтылған. Дегенмен, телефон, планшет және компьютер сияқты электронды құрылғыдағы Құран Кәрім шынайы парақтан жасалмағандықтан, оны дәретсіз қолға алып оқуға рұқсат етіледі. Бұған қоса: «Кімде-кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса, сол үшін бір сауап бар. Ал, сауап он есе көбейеді. Мен «Әлиф Ләм Мим» бір әріп деп айтпаймын. Алиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп[2]» деген хадис негізінде Құран аяттары мен сүрелерін тілімен оқығандықтан әрбір әріпі үшін сауабы бар.


Ал, енді Құран кітабын қолға алып оқыса, жай тілмен оқығаннан қарағанда сауабы еселене түседі. Өйткені, мұнда тілден бөлек басқа да сезім мүшелері ортақтасады. Көзбен Құран аяттарына қараумен және қолмен Құран парақтарын ұстау - жай тілмен оқудан қарағанда еселенеді[3].

[1] «Уақиға» сүресі, 79-аят

[2] Тирмизи

[3] Дәрул Ифта


Руслан Камбаров 




Көрілген: 677    Пікірлер: 0

сенбі, 18.03.2017, 12:55

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
15 Наурыз, 11:17
Қабір өмірі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30