Сәби туылғанда қандай діни жоралғылар жасалады?

Сәби туылғанда қандай діни жоралғылар жасалады?

Сәбиге жеті күн толғанда ақиқа құрбанын шалу – мұстахап. Осы күні құрбан шалғаннан кейін азан шақырып ат қойып, шашын алу және шашының салмағындай алтын немесе күмістен садақа беру – сүннет. Фатима анамыз дүниеге Хасанды әкелгенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Нәрестенің шашын ал және шашының салмағындай күмістен садақа бер»[1], – деген. Ғұламалар алтынды күміске қияс (салыстыру) қылған. Ақиқа құрбанын сәби балиғат жасына толғанға дейін шалуға да рұқсат етілген.

Құрбан айтта құрбандыққа жарайтын малдар ақиқа құрбанына да жарайды. Яғни, шалынатын малдың екі көзі де көретін, тістерінің жартысынан көбі сау, мүйзінің бірі немесе екеуі бірдей түбінен сынбаған, құлағы мен құйрығының жартысынан көбі сау және көтерем дейтіндей арық емес болуы керек.

Жаратылысынан құлағы мен құйрығы жоқ, сондай-ақ өз аяғымен жүре алмайтындай дәрежедегі ақсақ мал ақиқа құрбанына жарамсыз.

Қыз балалар үшін де ақиқа құрбанын шалады. Ұл не қыз деп бөлежармай әрқайсысына бір қойдан шалса жеткілікті[2].

Ал, «ұл баласына екі қой», «қыз баласына бір қой» сойғысы келгендердің бұл ниеттері де Алла Елшісінің сүннетіне теріс емес[3].

Ақиқа құрбанын шалар кезде: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар. Аллаһым, бұл сенің ризалығың үшін шалынған пәленшенің ақиқа құрбаны» – делінеді. 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста