Ислам діні

Сәбидің аузына түкірту салты туралы ислам діні не дейді?

  • © Ақмешіт апталығы

    © Ақмешіт апталығы

Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Бұл сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген мақсатпен жасалған.


Дей тұрғанмен, "ауызға түкіру" ырымына ұқсас діни бір рәсім жоқ. Ондай Пайғамбарымыздан сүннет келмеген. Дінімізде, "тәхник" деген Пайғамбарымыздан қалған жоралғы бар. Ол рәсім бойынша, жаңа туған балаға ана сүті берілмей тұрып, құрманы шайнап, оның шырынын, не болмаса, өзге де тәттіні, мысалы, балды таңдайына не тіліне жағады.


Бірақ, тәхниктің мәнін әлдебір ырымнан іздегеннен гөрі, бала денсаулығына тигізер пайдасынан іздеген дұрыс. Мысалы, британдық медицина саласының ғалымдары анықтағандай, жаңа туған сәбидің тіліне жағылған тәтті, оның тамырынан қан алғанда ауырсынуын басып, жүрек соғысын тез қалпына келтіреді екен. Бұл — оның бір ғана пайдалы тұсы. Одан да өзге пайдалы жақтары бары сөзсіз. Мұның пайдалы екендігін ғылым 1995 жылы ғана анықтаған болса, Пайғамбарымыз мұсылмандарға 14 ғасыр бұрын үйретіп кеткен.


islam.kz


 




Көрілген: 902    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.08.2018, 10:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31