​Садақа қандай қауіптен сақтайды

​Садақа қандай қауіптен сақтайды

Соңғы рет садақаны қашан берген едіңіз?

4 ақпан - қазақ халқы үшін қаралы күн болды. Бес бірдей ботасынан айырылған ананың қайғысына халық қосыла қайғырды, мұңына мыңдаған ананың мұңы қосылды. Суыт хабарды естігендердің қолы жұмысқа бармай, үйде қалған балапандарымызға алаңдап, ой-санамызды сан-саққа жүгірттік. Бірде жылап, бірде қайғырып отырып кеш батқанын сезбедік.

Жұмыстан үйге келсем, үйде жарық сөндірулі. Күнімен жүрегімізді ауыртып, әрбіріміздің қабырғамызды қайыстырған бес қыздың өлімі онсыз да есеңгіретіп жіберген еді. Көшедегі не көршілердегі жарықты сезбеппін. Үйге кірсем шамның жарығымен әжем отыр күрсініп. Олар да бүкіл қазақтың жанын ауыртқан қайғыға қапаланып отыр. Үндемей келіп жанына жайғастым.

...Бүгін жарықты да, теледидарды да, аса қажет болмаса ұялы телефондарыңды да қоспаңдаршы. Жаным, жүрегім ауырып тұр. Жұбату сөздің өзі де бір сәтте құлындарынан айырылған анаға ауыр секілді. Теледидардың қай арнасын қоссаң да бес жұлдыздың ағып түскенін хабарлап жанды ауыртты. Мұндай қасіретті Алла Тағалам көтере алатын сүйікті пендесіне беретін болар, деді әжем.

«Мал-жандарыңнан садақа атаңдар. Мүмкіндіктерің болса мал сойып, жоқ-жітікке таратыңдар. Ботасынан айырылған анаға аз да болса қаражат аударыңдар. Садақа беру сендерді айтып келмес ажалдан, қасірет пен қайғыдан, апаттан сақтайды» деді.

Сонда інімнің «жұма күні мешітке барғанда берермін, қазыр жұмысқа кешігіп қаламын», дегені әжемнің ашуын тудырды. Немересін жанына шақырып алып, пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. «Садақа беруде асығыңдар. Өйткені апат садақадан оза алмайды деген», - деді. «Қай қайсыңа да үнемі садақа беріп жүруді өсиет етемін, деп әңгімесін жалғады.

Адам дені сау, аяғы бүтін, халі жақсы кезде берген садақасы, өлім аузында жатқанда берген садақасынан жүз есе артық». Пайғамбарларымыз да, кешегі өткен аталарың да «Садақаны сау кезінде беруді» дәстүрге айналдырған. Тіпті, оң қолдарыңның бергенін сол қолдарың сезбесін, көрмесін. Садақаны мейлінше жасырын түрде беріңдер. Әрбір берген садақаларың әртүрлі тосын жайлардан қорғайды, қайғылы оқиғаларға қалқан болады, деді.

Шын мәнінде садақаның сауабы туралы ғаламтор беттерінде де, мешітте де жиі айтылады. Ал muftyat.kz сайты садақа берудің 10 пайдасын айтады:

  • Мал-дүниені тазартады; Күнәларды өшіреді:
  • «Су отты сөндіргендей садақа да күнәларды өшіреді», «Садақа тәкәппарлықты жояды»;
  • Ауру мен апаттан сақтайды: «Науқастарыңды садақамен емдеңдер. Садақа әрбір ауруды және бәлекетті қайтарады» (Бәйхақи риуаяты). «Садақа беруде асығыңыздар. Өйткені апат садақадан оза алмайды» (Табарани, Бәйхақи);
  • Мұқтаж жанды қуантады;
  • Ризықты арттырып, табысқа берекесін береді. «Садақа бергеннің ризығы артып, дұғасы қабыл болады» (Ибн Мәжа). «Азда болса садақа беріңдер. Ақшасын тығып бермегенге, Алла да нығметін азайтады» (Муслим)
  • Қияметтің үрейінен сақтап, көлеңке болады: «Садақа қабір азабынан сақтайды. Қияметте иесін өз қамқорына алады» (Бәйхақи);
  • Тозақтан құтқарады: «Жарты құрма болса да садақа беріп, тозақтан сақтаныңдар»
  • Таразыда сауабы басым болады;
  • Сырат көпірінен өтуі оңай болмақ;
  • Дүниесінің есебін беруде жеңіл болмақ.

Иә, шын ниетпен, түзу көзқараспен берген садақаңыздың қайырымы мол болмақ. Отбасымыздың амандығы, деніміздің саулығы, бауырымыздың бүтіндігі үшін садақа беруден шет қалмайық. Шынайы ықыласпен берген садақа – табысыңызға береке, ісіңізге сәттілік, балапандарыңызға қуаныш, отбасыңызға шаттық сыйлайды.

Жазып алған - Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста