Садақаның ең жақсысы...

Садақаның ең жақсысы...

Cадақа беріп адамдарға жақсылық жасау мұқтаж жандарға қолындағы мүмкіндігіне қарай, тек Алланың разылығын ойлап, ешқандай алғыс немесе мақтау күтпестен риясыз жәрдем етіп көмек қолын созу – жоғары адамгершілік қасиет. Ондай жандар «Ризықтың иесі де, оны беруші де тек қана Алла», деп амал еткендіктен ондай жандардың жүректері пәк әрі пейілдері кең болады. Қандай жағдайда болмасын айналасындағылар үшін пайдалы болуға тырысып бағады. Тіпті қиналып тұрса да, өзіне тапшы, зәру нәрсесін басқа адамға беруді қалайды. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Әрбір таң арайлап атып, Алланың құлдары ұйқыларынан оянып жатқанда, көктен екі періште түседі. Бірі: “Уа, Алла Тағалам! Дүние-мүлкін игі жолға жұмсағанның дүниесінің орнын толтыра гөр” – десе, екіншісі: “Уа, Алла Тағалам! Жиған-тергенін жұмсамай, тығып отырған сараңды шығынға ұшырат” – деп дұға жасайды»,- деген.

Мұсылман адамның міндеттерінің бірі — садақа, яғни біреуге көрсеткен кез-келген көмек болып табылады. Исламда мүміннің жағдайын жақсартып, оған жақсылық жасау, тіпті күлімсіреу де садақа болып табылады. Садақа – Алла Тағаланың сүйікті ісі, садақа арқылы жақсылық пен береке енеді әрі ол біздерді Жаратушыға жақындатады.

Адамдардың ардақтысы Мұхаммед (с.а.у.): «Жомарттық – бұтағы бұ дүниеде жайқалып, тамыры Жұмақта жатқан ағаш іспетті. Кімде-кім бұтағынан қарманып ұстар болса, оны жұмаққа жетелейді. Сараңдық болса, тамыры тозақта жатқан алып ағаш, ол да бұтағына жармасқанды өзімен бірге ала кетеді». Ал өзге бір хадисте пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жомарт пен сараң адамның айырмашылығын жіктеп: «Жомарт – халыққа, жұмаққа, Алла Тағалаға жақын, бірақ тозақтан алыс. Сараң — халықтан, жұмақтан, Алла Тағаладан алыс, бірақ тозаққа жақын»,- дейді. (Тирмизи)

Ислам діні әрбір иман келтірген жанға мейірімді әрі қайырымды болуы шарт. Алайда, жақсылық жасау мен садақаны қаржыға тіреп қоюға болмайды. Ендеше, садақаның жақсысы не екеніне қарайық:

Отбасыңнан басталған садақа
«Ең жақсы динар — Алла жолында адамның өз отбасына, аяқ артар жануарына жұмсайтын динары және Ұлы да Құдіретті Алла жолында адамның өз жолдасына жұмсайтын динары» (Ахмад).

Жақындарыңа берген садақа
«Ең құнды садақа — өзіңді ұнатпайтын (жақтырмайтын) жақын туысыңызға берілетін садақа» (Ахмад).

Басың аман, денің сау кезде берген садақа
«Денің сау әрі сараң кезіңде, байып кетуден үміттеніп әрі кедейліктен қорқып беретін садақа ең үздік болып табылады. Садақа беруді ажал келіп, жаныңды алар сәтке қалдырма. Өлім аузында жатып: «Ана туысыма ананша, мына туысыма мынанша», - деп айтпа. Бұл кезде мұның бәрі бәленшеге тиесілі болып қалмай ма?!» (Ахмад).

Жағдайы нашарларға берілетін садақа
«Тұрмысы төмен жандарға берілетін садақа ең құнды саналады, сондықтан кімді бағып-қағуың керек болса, содан бастап садақаңды бер» (Ахмад).

Адамдарға берілген көмек – садақа
«Садақаның жақсысы — адамдардың шөлін қандырып, су беру» (Ахмад)
Абдулла ибн Аббас Алла елшісінің мешітінде иғтикаф құлшылығында еді. Бір кісі мешітке келіп хазіретті Абдуллаға сәлем берді де отырды. Ибн Аббас оған: «Ей, пәленше! Уайым қайғыда отырғаныңды көріп тұрмын, не болды, жөніңді айт?»,- дейді. Сонда әлгі кісі: «Пайғамбарымның көкесінің ұлы! Менің пәленшеге берешек қарызым бар. Мына қабір иесі (ардақты пайғамбарымызды меңзеп) құрметімен ант етемін, қарызымды өтеуге шамам келмей отыр»,-деді.

Ибн Аббас оған: «Мен барып сөйлесіп көрсем қайтеді?»,-дегенде уайымдап отырған адам қуана кетті.

Абдулла ибн Аббас аяқ киімін киіп, мешіттен тысқа шыққанда әлгі кісі: «Сіз мешіттегі шаруаңызды ұмыттыңыз»,- дейді. Сонда Ибн Аббас: «Ұмытқаным жоқ, мына қабір иесінің: «Кімде кім бауырының шаруасы үшін жүгіріп, орындап беретін болса, он жыл иғтикаф еткеннен абзал әрі жақсы болмақ. Ал, кім Алла ризалығын көздеп бір күн иғтикафқа кірсе Алла Тағала оны мен тозақ арасына шығыс пен батыстан алыс болған үш орды қояды», деген сөзін естіген едім»,- деп көзіне жас алады. Бұл пайғамбарымыз дүниеден озғанына аз уақыт болған кез еді.

Ақылмен өлшенген садақа
«Уа, Адам баласы! Eгер өзіңнен артылған дүниеңді садақа ретінде берсең, сол сен үшін сөзсіз қайырлы болмақ. Ал, сараңдық қылсаң, сол дүниең түбінде өзіңе сор болып жабысады. Өзіңе жететін дүние-мүлікке ие болғаның үшін сағанайып тағылмайды. Қолыңдағы дүние-мүлкіңді алдымен өзің асырап отырған жандардың қажетіне жұмсағын». 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста