Себепсіз сәжде жасауға бола ма?

Себепсіз сәжде жасауға бола ма?

Ханафи мәзһабының үлкен ғалымы Ибн Абидин «Раддул-Мухтар» атты еңбегінде бұл сұраққа қатысты: «Алайда, ол намаздан кейін жасалса, мәкрүһ[1] болады» дей келе, мұндағы «ол» деген есімдік сөзі жалпы сәждеге қатысты айтылған дейді.

Сондай-ақ, ғалым осы еңбегінде Захидидің: «Егер жасап жатқан сәждесі еш себепсіз болса, онда ол «қурба»[2] да, мәкрүһ (жағымсыз амал) те болмайды. Тек кей білімсіз адамдар сүннет немесе уәжіп екен деп ойлап қалуы мүмкін болғаны үшін намаздан соң бірден сәжде жасау – мәкрүһ болады. Жалпы, асылы рұқсат болған барлық нәрсе қате түсінікке есік ашатын болса, үкімі мәкрүһке ауысады», – деген сөзін келтіреді.

Артынша сөзін түйіп: «Тоқетерісі – себепсіз жасалған сәжде мәкрүһ емес. Алайда, кей білімсіз адамдар сүннет екен деп ойлап қалатындай жағдай тудырса, онда ол мәкрүһ болады. Мысалға, кей адамдардың намаздан кейін бірден жасайтын сәжделері осыған кіреді. Мен өзім де үтір намазынан кейін үнемі осылай сәжде жасайтын адамды жолықтырдым. Ол өз ісін сүннет деп біліп, ол амалының тізбегі бар деп жүріпті. Кейіннен ненің не екенін баяндап бергеннен соң әлгі ісін жасамайтын болды»[3].

Ал, әлгі спортшылар жеңіске жетіп, қақпаға гол салғаны үшін жасаған сәжделері шүкір сәждесі болып табылады. Қандай да бір қуанышты жағдайда шүкіршілік жасаумен қатар, шүкір сәждесін жасау да – дінімізде бар нәрсе.

Осы айтылғандарға сүйене отырып, сәжде шүкірлік, ғибадат сынды белгілі бір себеп үшін болса да немесе еш себепсіз болса да, жалпы сәжде жасауда тұрған еш әбестік жоқ екенін айта аламыз. Назар аударатын жалғыз нәрсе, ол – ешқандай қате түсінік тудырмауы керек. Ең дұрысын Алла біледі!

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста