Ислам діні

Іш дәретке қатысты төрт сұрақ

  • Іш дәретке қатысты төрт сұрақ

    Іш дәретке қатысты төрт сұрақ

Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!


Солтүстіктен хабарласып отырмын. Өздеріңізге белгілі, біз жақта суық ұзаққа созылады. Соған бірнеше сұрақтарым бар еді:

1.Ішкі дәрет алу дегеніміз, жыныс мүшелерді жуу дегенді білдіреді ме?


2.Ішім тез желденеді. Егер келесі намазға дейін 1-2 рет жел шығып кетсе, ішкі (жыныс мүшелерді жуып) дәрет алу қажет пе?


3. Бір кісілерден естуім бойынша, кіші дәрет сындырғанда қағазбен алуға болады дейді. Сонда жыныс мүшені жумай, сыртқы (қол,ауыз,мұрын,бет,басқа мәсік,аяқ) дәрет алып намаз оқи беруге болама? Осыны түсіндіріп берсеңіздер!


4. Ғұсыл алу денеміздің барлық жерін сумен жуу екені белгілі. Ал, егер, сулы сүлгімен барлық жерімді сүртсем ғұсыл алғанға санала ма? Анон.


Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!


Құрметті сауал жолдаушы, дінімізде адам денсаулығының орны орасан зор. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде денсаулықты адамға берілген нығметтің бірі деп есептеп, оны қадірлеуге шақырса[1], басқа бір хадисінде ауырған кезде емделуді бұйырады[2]. Осыған орай, кейбір жағдайларда жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, күн суық кезде ғұсыл алу немесе дәрет алу денсаулыққа кері әсерін тигізерінен қауіптенген мұсылманға «таяммум» алуға рұқсат етеді. Ораза айында науқас адамның ұстаған оразасы сырқатын арттырар болса, немесе жазылуын баяулатар болса, айыққанша ауыз бекітпеуге рұқсат етеді[3] т.б.


Осы бір-екі ауыз кіріспемізден кейін жоғарыдағы сауалдарыңызға жеке-жеке тоқталып өтелік:


- Ішкі дәрет алу дегеніміз, жыныс мүшелерді жуу дегенді білдіреді ме?


- Іш деретті шариғатта «истинжа» дейді. Истинжа деп, екі жолдан шыққан нәжісті дәрет қағаз, кесек, яки, су қолдану арқылы тазалауды айтамыз. Истинжада су қолдану сүннет амалына жатады. Деседе, нәжіс шыққан жеріне жайылатын болса, су қолданып тазалау уәжіп. Әуреттің тек нәжіс шыққан жерін ғана жуса жеткілікті, айналасын жуудың қажеті жоқ (әсіресе ер кісілер).


- Ішім тез желденеді. Егер келесі намазға дейін 1-2 рет жел шығып кетсе, ішкі (жыныс мүшелерді жуып) дәрет алу қажет пе?


- Ішкі дәрет тек екі жолдың бірінен нәжіс шыққан жағдайда жасалады. Мысалы: үлкен дәрет, зәр, мәзи (смегма), мәни (шәует), уәди. Ал, жел шықса немесе денесінің бір жері қанаса, яки, көзі ілініп ұйқыға кетсе, ауыз толтыра құсса, құлағынан құлық ақса т.б. екі жолдан шығатын нәжістерден өзге дәрет бұзатын жағдайларда истинжа жасау шарт емес. Ондай кезде, іш дәрет алмай-ақ, бірден сырт дәретті ала берсе болады.


- Бір кісілерден естуім бойынша, кіші дәрет сындырғанда қағазды ғана пайдаланса болады дейді. Сонда жыныс мүшені жумай, тек, сыртқы (қол, ауыз, мұрын, бет, басқа мәсіх, аяқ жуу) дәрет алып намаз оқи беруге бола ма? Осыны түсіндіріп берсеңіздер!


- Кіші дәретке барғаннан кейін әуретті сумен жуу – сүннет амалына жатады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кіші дәреттен кейін су пайдаланбай, кесекпен шектелген кездері де болған. Сондықтан да, зәр сындырғаннан соң шыққан нәжіс айналасына жайылмаған болса (ең кемі алақан ойығындай көлемде), тек, дәрет қағазбен шектелуге рұқсат (бірақ, үлкен дәретке отырғанда су қолдану керек)[4].


- Ғұсыл алу - денеміздің барлық жерін сумен жуу екені белгілі. Ал, егер, сулы сүлгімен барлық жерімді сүртсем ғұсыл алғанға санала ма?


- Жаратушы Иеміз жүніп кезде, яғни, ғұсыл бұзылған жағдайда сумен жуынуды бұйырған. Құран Кәрімде «Хаттә тағтасилу» деп келеді. – «жуынбайынша», «жуынғанға шейін» деген мағынада[5]. Ендеше, «ғұсыл» болып есептелу үшін «жуыну» іс-әрекеті жүзеге асуы тиіс. Тек қана дымқыл сүлгімен сүртіп қана қою жеткіліксіз. Бұл «жуыну» іс-әрекетіне жатпайды. Сондықтан да, ғұсылда дененің барлық жеріне су тиюы шарт.


Әйткенмен де, науқастанып қалған адамға немесе ауа райының суықтығы салдарынан ғұсыл құйынған жағдайда сырқаттанып қалуынан қауіптенген кісіге таяммум* соғуына болады. Табаранидің хадистер жинағында мынадай бір риуаят бар. Сахабалардың бірі Амр Ибн Ъас ғұсылы бұзылып, таяммум алады да намазда имамдыққа өтеді. Кейін Мединеге келгенде, жамағат оның әлгі әрекетінің үкімін білу мақсатында Пайғамбарға айтады. Сонда сахаба Пайғамбарымызға (с.а.у.) : «Күннің суықтығығы өміріме қауіп төндіреді ме деп қорықтым. Алла тағала: «Өз өздеріңді қатерге итермелемеңдер», - деген ғой», - деп су бола тұра таяммум соғуының себебін түсіндіреді. Оның сөзіне Пайғамбар күліп жіберген екен (басқа риуаятта «Пайғамбар үндемеді» делінген).


*Таяммум деп, дәрет немесе ғұсыл алуға су табылмаған кезде немесе суды қолдану мүмкін болмай жатқан жағдайда, жер жынысына жататын заттарға қолды соғып, бетті және екі қолды шынтаққа дейін сипауды айтамыз.


Ескертпе:


Ер кісілер кіші дәреттен кейін қалған зәрден толық арылулары керек. Сондықтан да, бойдағы зәр толығымен шығып кеткеніне сенімді болғанға дейін белгілі бір қимылды істейді. Мысалы, жүру, жөтелу, отырып-тұру т.б.[5]. Бұны шариғатта «истибра» дейді. Истибра жасаудың үкімі ер кісілер үшін – уәжіп. Пайғамбарымыз бір сөзінде былай деген: «Зәрлеріңді толықтай шығарыңдар (Истәнзиһу). Шынында, қабірдегі азаптың көбі соның салдарынан болмақ!»[6].


[1] Сахих Бухари.

[2] Тирмизи: Тыб – №2038 хадис.

[3] Әл-Кәсәни, Бәдә’иғ – 2/609 бет.

[4] Ұлы сөздің ұяты жоқ. Әйел кісілер кіші дәреттен кейін де мүмкіндігінше су қолданғандары дұрыс.

[5] Ниса сүресі, 43 аят.

[6] Ибн Ғабидин, Раддуль Мухтар, «Бабуль Әнжәс».

[2] Сүнәну Даруқутни, Китабут Тахарат- (7) -457-хадис.


Абдусамат Қасым 


islam.kz




Көрілген: 1559    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 12:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30