Шалбар киюге шариғат рұқсаты бар ма?

Шалбар киюге шариғат рұқсаты бар ма?

Сəлеметсіздер ме? Шалбар киюге шариғат рұқсаты бар ма? Жəне шалбар үстінен тізеге дейін түсетін киім киюге бола ма ? Сұрағым осы еді. Киын болмаса айта аласыздар ма.
Сәлеметсіз бе!

Сіздің сұрағыңызға жауап берместен бұрын, бұл киім түріне тігілу ерекшелігіне мән беріп, анықтамасын айқындап алғанымыз абзал. Шалбар – адамның бел мен тобыққа дейінгі денесін жауып тұратын киім түрі. Оның юбкадан ерекшелейтін нәрсе – өзара екіге бөлінетіндігі. Дегенмен, әр бөлігі де өзінің жартысын толық жабады. Кезіндегі дамбал атауы – киімнің бүгінгі бір түрі.
Егер бұл киім шариғатқа сай болып, талап етілген әуретті жабатын болса, онда оны киюге болады. Ал, киімнің шариғат талабына сай болу үшін шарт етілетін нәрселер мынау:
– Әурет жерді толық жабуы, ашық жердің болмауы;
– Денеге қатты жабысып, әйелдің тұлғасын толық айқындап тұрмауы;
– Астында не бары байқаларлықтай жұқа болмауы;
– Көзге ұрып тұратындай ерсі түсті болмауы.
Жалпы, ғалымдардың көзқарасы бойынша әйел заты намазда да, намаздың тысында да міндетті түрде барлық денесі жабылуы керек деген, тек беті мен білезіктен төменгі қол ғана ашық болса болады. Айта кетерлігі, Ханафи мәзһабында әйелдің табаны әуретке жатпайды.
Ендеше, әуретті толықтай жабатын киім өз затында жайыз болып табылады. Жалпы жайыз болған нәрсе нақты «болмайды» дейтін дәлел келмейінше, өзінің негізгі үкімін жоғалтпайды. Ондай киімге мысалға жібекті айтуға болады. Ол әуретті жауып тұратын шартқа ие болса да, Алла елшісі (с.ғ.с) оны еркектердің киюіне «болмайды» деген. Ал, шалбарға келсек, ол әуретті жабады әрі оған тыйым салған нақты дәлелдің жоқ екенін көреміз.
Керісінше, бізге жеткен кей риуаяттар шалбарды (дамбалдың) киюге рұқсат екенін көрсетеді. Мысалы:
عن عليٍّ رضي الله عنه قال: كنت عند رسول الله صلى الله عليه وآله وسلم عند البقيع -يعني بقيع الْغَرْقَدِ- في يومٍ مَطِير، فمرت امرأة على حمار ومعها مكاري، فمرت في وَهْدَةٍ من الأرض فسقطت، فأعرض عنها بوجهه، فقالوا: يا رسول الله إنها متسرولة، فقال: «اللهم اغفر للمتسرولات من أُمَّتِي»
Хазіреті Әли (р.а) жеткізген хадисте былай делінеді: «Жаңбырлы күні Алла елшісінің (с.ғ.с) қасында бақиғта[1] едім. Қасымыздан есекке мінген бір әйел өтті. Қасында есекті ұстаған адамы да бар еді. Сөйтіп ол әйел бір сай жерге жеткенде есегінен ауып түсті. Алла елшісі (с.ғ.с) ол әйелден лезде көзін алып қашты. Сондағы адамдар: «Уа, Алла елшісі, оның шалбары (дамбалы) бар ғой», – деді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с): «Уа, Алла, менің үмметімнің шалбар (дамбал) кигендеріне кешірім еткей», – деді»[2].
Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан (р.а.) жеткен хадисте мынадай оқиға баяндалады:
بينما النبي صلى الله عليه وآله وسلم جالس على باب من أبواب المسجد، مرت امرأة على دابة، فلما حاذت بالنبي صلى الله عليه وآله وسلم عَثَرَتْ بها، فأعرض النبي صلى الله عليه وسلم، وَتَكَشَّفَتْ، فقيل: يا رسول الله، إن عليها سراويل، فقال: «رحم الله المتسرولات»
«Пайғамбар (с.ғ.с) мешіттің есіктерінің бірінде отырғанда, бір әйел көлігімен өтіп бара жатты. Ол Пайғамбардың (с.ғ.с) жанынан өтіп бара жатқанында шалынысып қалды. Пайғамбар (с.ғ.с) теріс қарады. Әйелдің киімі ашылыңқырап қалды. Адамдар: «Уа Алла елшісі, оның дамбалы бар екен», – деді. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с): «Алла дамбал кигендерге мейірімін төксін», – деді».[3]
Бұл хадистердің жету жолдары әлсіз болғанымен, риуаят етушілердің көп болғаны үшін хасан дәрежесіне көтеріліп, онымен амал ету жарамды саналған. Яғни, кезінде дамбал болып саналған киімдердің бүгінгі таңда атауы шалбар болып өзгергенімен, негізгі үкім рұқсат күйінде қалдырылады. Ал, ол киімнің кей өзгерістерге ұшырауы салт-дәстүрге, қоғамға қарай өзгере береді. Бірақ, қалай болғанда да жоғарыда көрсетілген шарттардың шеңберінен шықпауы керек.
Кей адамдар шалбар кию әйелге жайыз емес, себебі онда еркекке немесе кәпірлерге еліктеу, ұқсау деген түсінік бар деген уәж айтар болса, оларға былай деп жауап қайтарылады:
Әйелдердің шалбар киюіне бола еркекке ұқсауға қатыстыру орынсыз. Себебі, бұл киім түрінің еркектерге арналған әрі әйелдерге арналған түрлері бар.
Ал, кәпірлерге, яғни мұсылман еместерге ұқсау дегенге келсек, киім мәселесінде негізге алынатын нәрсе – әуретті жабу. Киім кию де әдеттегі нәрсе. Оның иманмен тікелей қатысы жоқ. Оған дәлел Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Шам халқының шапанын кигені[4]. Ескере кетсек, ол кезде Шам халқы әлі мұсылман емес-ті, яғни әлі кәпірлердің өлкесі болған. Пайғамбар (с.ғ.с) солай бола тұра олардың киімін киді ғой... Демек, шалбар кәпірлердің өлкесінен келген киім деген күннің өзінде де, әуретті жауып, әйел денесінің тұлғасын жасыратын болса, оны кие беруге болады.
Ал, осындай шалбардың сыртынан юбка киіп, шалбардың жасыра алмаған тетіктерін жабар болсаңыз, онда ол нұр үстіне нұр болады.
Ал, харам болатын киім – белгілі бір дін өкіліне ұқсау үшін киілген, діни сенімінің рәмізі болған киім[5].
Тоқетерісі: әйел затына арналған шалбар жоғарыда айтылған шарттардың қайсы біріне қайшы келетін болса, ондай шалбарға мүлдем рұқсат жоқ. Әйел үшін ең дұрысы – қарапайымдылығын көрсететін киім болып қала бермек. Ең дұрысын Алла біледі.+

Айбек Әбдіқадыр

Muslim.kz cайтының діни сарапшысы

[1] Мадинадағы қабірістан.

[2] Баззардың «Муснад» кітабында келген.

[3] Байхақи «Шуғабул-иман»

[4] Бухари, Муслим.

[5] Мысалға: яхудиге ұқсау үшін олардың тақиясын кию, үндіске ұқсау үшін сари киіп шекесін бояу, кресті бар алқа тағу т.б. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста