Ислам діні

Шаңырақтың берекесі үшін ерлі-зайыптылар оқуы тиіс дұғалар

  • © islam.kz

    © islam.kz

Дұға – пенденің өз әлсіздігін сезініп, шынайы ниетпен Алла тағаладан көмек сұрауы.


Отбасылық өмірде ер мен әйел ғибадат мәйегі – дұға мәселесіне де қатты көңіл бөлгені дұрыс. Өйткені адам баласының мұң-мұқтажын толық өтеуге Алладан басқа ешкімнің құдіреті жетпейді. Құранда Алла тағала: «(Уа, Мұхаммед!) Егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса, Мен оларға өте жақынмын, Маған жалбарынып, дұға еткеннің дұғасын жауапсыз қалдырмаймын. Ендеше, олар да Менің үндеуіме оңды жауап берсін һәм Маған лайықты түрде иман келтіріп, соның арқасында (ақыл-ой әрі рухани тұрғыдан) кемелдену жолына түссін», - деп құлдарының тілегіне жауап беретінін баяндайды.


Құрандағы дұғалар


Уа, Раббымыз! Бізге осы дүниеде де жақсылық бере гөр, ақиретте де жақсылық бере гөр және бізді тозақ отынан сақтай гөр! (Бақара, 201)


Уа, Раббым! Маған өз тарапыңнан пәк әрі қайырлы ұрпақ нәсіп ете гөр! Шүбәсіз, Сен дұғалардың бәрін естушісің! (Әли Имран, 38)


Уа, Раббым! Мені һәм ұрпағымның ішінен намазды кемеліне жеткізіп, үзбей оқитын құлдарың ете гөр! Уа, Раббымыз! Дұға-тілегімді қабыл ете көр!


Уа, Раббымыз! (Алдыңда тұрып) есеп беретін күні мені, ата-анамды және күллі мүміндерді кешіре гөр! (Ибраһим, 40-41)


Уа, Раббым! Маған һәм ата-анама нәсіп еткен қисапсыз нығметтеріңе лайықты түрде шүкіршілік етуді және үнемі Өзіңді разы ететін игілікті істер істеуді көңіліме ұялатқайсың. Сондай-ақ маған (иманды, ата-анасын құрметтейтін) ізгі ұрпақ нәсіп еткейсің! Расында, мен тәубе етіп, бір Өзіңе жан-тәніммен бет бұрдым. Анығында мен Өзіңе қалтқысыз мойынсұнғандардың бірімін. (Ахқаф, 15)


 


Сүннетте келген дұғалар


Нәресте туылғанда оқылатын дұға


Алдымен нәрестенің құлағына азан оқиды, құрмадан шайнап таңдайына дәм татырады. Содан соң мына дұғаны оқиды: «Түрлі шайтан мен улы жәндіктердің, түрлі сұқ көздердің кесірінен (сақтай көр деп) Алланың мінсіз сөздеріне сиынамын».


 


Таңертең және кешке оқылатын дұғалар


Есімі аталғанда көкте де, жерде де еш нәрсе зиянын тигізе алмайтын Алланың атымен бастаймын. Ол барлық нәрсені толығымен Естуші әрі Білуші.


 


Жүректердің бір болуы және арадағы қарым-қатынастың жақсаруы үшін оқылатын дұға


Я, Алла! Жүректерімізді бір етіп, арамызды жақсарта гөр! Бізді Өзің разы болған жолдарға бастап, қараңғылықтан жарық нұрға шығар және үлкен күнәдан мейлі ол жария болсын, жасырын болсын, сақтай көр!


 


Қиындыққа тап болғанда оқылатын дұға


Я, Алла! Сенен осы қиындықтың сауабын үміт етемін, осы үшін мені марапаттап, маған бұдан да қайырлысын нәсіп ете көр!


 


Ашу қысқанда оқылатын дұға


Қуылған шайтаннан (сақтай көр деп) бір Аллаға сиынамын!


 


Ауырып тұрғанда оқылатын дұға


Үш рет «Бисмиллаһ» дегеннен кейін: «Осы мазасыздық пен сырқатымның жамандығынан (сақтай көр деп) Алланың ұлылығы мен құдіретіне сиынамын».


 


Қарызға батқанда оқылатын дұға


Алла тағалам! Арамына жоламайтындай етіп менің бар мұқтаждығымды адалынан өтеп берші! Игілігіңмен мені Өзіңнен басқаға жалынышты етпеші!  


islam.kz




Көрілген: 997    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 02.10.2017, 13:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 12:11
    Өтіріктен ауыр күнә
    6 Қараша, 12:20
    Құдайдың құдіреті
    1 Қараша, 12:15
    Дертке шипа аяттар
    27 Қазан, 12:28
    Әзілдесудің 5 әдебі
    6 Қазан, 15:20
    Қоянның еті адал ма?
    24 Қыркүйек, 18:01
    Кедейді байытқан дұға
    18 Қыркүйек, 11:49
    Дүниедегі ең қайырлы іс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30