Ислам діні

Шариғат бойынша, саудамен айналысқан адам сатып алған тауарына қанша пайыз қосып сата алады?

  • © islam.kz

    © islam.kz

Зат алып, оның үстіне ақша қосып сатуға шариғат рұқсат етеді. Дәлел ретінде хадис кітаптарында орын алған мына бір риуаятты келтірсек болады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында Ъура Бариқи (әл-Бәриқи) есімді сахаба болған. Оған Пайғамбарымыз бір динар алтын ақша беріп, бір қой сатып алып келуін айтады. Алайда, ол сахаба әлгі ақшаға бір емес, екі қой сатып алып, оның біреуін бір динарға сатып жібереді. Осылайша, Алла елшісіне бір қой, бір динар алып келеді. Сонда Пайғамбарымыз сахабаның саудасына береке тілеп, батасын берген екен. Хадистің соңында «Ъуруа (р.а.) қара топырақ сатса да, одан пайда көрер еді» деген жері бар. Бұл біріншіден, алып-сатарлықпен айналысудың рұқсат екендігін көрсетсе, екіншіден алған затын сатып, үстінен пайда көрудің шариғатқа қайшы келмейтіндігін аңғартады[1].


«Қанша қосу керек?» - дегенге келер болсақ, Ислам діні сауда-саттықта «сұраныс-ұсыныс жүйесін» негізге алып, бәсекелестікке сүйенетін «еркін нарықтық баға» қағидасын ұстанады. Пайғамбарымыздың заманында тауарлардың қымбаттағанын айтып шағымданған халыққа Пайғамбарымыз (с.а.у): «Расында, бағаны белгілейтін де, тарықтыратын да, байытатын да, ризық беретін де Ұлы Алла...»[2],- деген.


Осыған орай, Бүкіл әлемдік Ислам Фиқһ Ұйымы қабылдаған қаулылардың бірінде былай делінеді:


«Саудагер кісінің саудасында ұстануы тиіс пайда мөлшерінің белгілі бір шектеуі жоқ (яғни, саудасында ұстануы тиіс белгілі бір баға мөлшері жоқ). Ол (бағаны белгілеу) - жалпылама нарықтық жағдайларға және саудагер мен бағаның шарттарына қалған нәрсе. Онда да, жұмсақтық, қанағаттылық, кеңпейілділік, жеңілдету сияқты шариғи этикалық талаптарды назардан тыс қалдырмағаны дұрыс»[3]

Әйтсе де, баға қою мәселесінде шариғат белгілі бір шектеу қоймаса да, саудагерлерді кеңпейілдікке, қанағаттылыққа шақыруды ұмытпаған. Дініміз бағаны тым шарықтатпауға үндейді. Алла елшісі (с.а.у.) бұған қатысты былай деген:


«Сатқанда да, сатып алғанда да және ақысын сұрағанда да кеңпейілділік көрсеткен пендесіне Алла мейірімін төксін»[4].

Осы тұрғыда, Ислам экономика заңдылығына сайкес нарықтағы бағаны белгілеуге өкімет араласпауы керек. Алайда, кейде бағалар қолдан шарықтатылып, тауарлар орташа нарықтағы бағасынан көп қымбатқа сатылып жататын кездер болуы мүмкін. Ондай кезде мемлекеттік органдар тарапынан шектеу қойылып, бағаларды ретке келтіру жұмыстары атқарылады. Немесе елдегі инфляцияның дәрежесі тым жоғарылап, оны бағаны реттеу арқылы жеңуге тура келетін жағдайлар орын алуы мүмкін т.б. осындай себептерге сүйеніп өкімет белгілі бағаларды бекітуге құқылы. Бұл жөнінде жоғарыда аты аталған Бүкіл әлемдік Ислам Фиқһ Ұйымы тарапынан қабылданған қаулыда былай делінген:


«Өкімет баға қоюға араласпайды. Тек, базар мен баға арасындағы жасанды факторлардың ықпалынан туындаған теңгерімсіздік бой алған жағдайда өкімет әділ әрі мүмкін құралдар арқылы теңгерімсіздікті, қымбатшылықты, есептен жеушілікті (бағаны қолдап шарықтатуды) тудырған себептер мен факторларды жоюға құқылы»[5].

Қорытындылай келе, Ислам дінінде алып-сатарлық, сауда-саттық – адал кәсіп. Құран Кәрімде Алла Тағала: «Алла тағала сауда-саттықты адал, өсімді харам етті», - деген. Сондықтан да, алдау-арбаушылықты араластырмай сатылатын тауардың түр-сипатын айтып, кемшілікті тұсы болса оны көрсетіп, тараздан жемей, алған тауарының үстіне ақша қосып сатуына құқылы. Бағаның мөлшерін нарықтағы бағаны назарға ала отырып, белгілейді. Онда да, тым шарықтатпағаны жөн. Нарықтағы бағадан тым қымбат сатқан жағдайда, оның себебін алушыға ескертуі керек.


 islam.kz




Көрілген: 854    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 25.09.2017, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 12:11
    Өтіріктен ауыр күнә
    6 Қараша, 12:20
    Құдайдың құдіреті
    1 Қараша, 12:15
    Дертке шипа аяттар
    27 Қазан, 12:28
    Әзілдесудің 5 әдебі
    6 Қазан, 15:20
    Қоянның еті адал ма?
    24 Қыркүйек, 18:01
    Кедейді байытқан дұға
    18 Қыркүйек, 11:49
    Дүниедегі ең қайырлы іс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30