Ислам діні

Шайтанның азғыруынан құтылудың тиімді жолы

  • http://ihsan.kz

    http://ihsan.kz

Ұры қазынасы жоқ қаңырап, бос тұрған үйге кірмейтіні секілді шайтан да иманы жоқ жанға жақындамайды.


Шайтан да ұры секілді. Ол мүминнің, мұсылманның иманын ұрлайды. Сол себепті мұсылманның маңын торуылдайды, мұсылманның тамырында қандай ағады. Уәсуәсәсін, азғыруын мұсылманға жасайды. Сондықтан, мұсылман барынша сақ, неғұрлым қырағы болуы тиіс. Иманын үнемі қарауда, бақылауда ұстауы қажет.


Әли ибн Әбу Талиб: «Біз бен кітап иелерінің намазы арасындағы айырмашылық шайтанның уәсуәсәсі. Ібіліс өзіне бойұсынғандары үшін олармен айналысуды қойған. Мүминдер болса, үнемі шайтанға қарсылық танытып, онымен соғысуда. Ал күрес тек қарсы келгендермен болмақ», – дейді. Сол үшін шайтан үнемі өзіне қарсылық танытқан мүминдермен күресіп әлек болады. Демек, біздер үнемі соғыс майданында жүргенімізді ойымыздан, санамыздан шығармауға тиіспіз. Иманымызды қорғау мәселесінде салғырттыққа жол бермеуіміз керек. Сол кезде Алланың жәрдемі мен жеңісіне ие боламыз.


Шайтанның азғыруынан қалай құтыламыз?


Шайтанның азғыруынан құтылу үшін оның Жаратушысына сиынамыз. Яғни, Алла Тағалаға.


Хорасандық бір адам Ирақ тарапына ілім алуға барған екен. Сол жерде бір ғалымнан дәріс алып, төрт мың хикметті сөз үйренеді. Содан кейін еліне қайтпақ боп, ұстазынан рұқсат сұрау үшін алдына барады. Ұзтазы:


– Саған бір сөз үйретейін, үйреткен сөзім барлық нәрседен жақсы, – дейді де, – Ібіліс саған уәсуәсә бере ме? – деп сұрайды. Шәркірті:


– Иә, – деп жауап береді.


– Сол кезде сен не істейсің?


– Ол уәсуәсәсін жоямын.


– Қайта кеп азғырса ше? – дейді ұстазы.


– Тағы да жоюға тырысамын, – дейді шәкірті. Сонда ұстазы тұрып:


– Алланың дұшпаны шайтан саған зардабын тигізіп, сені ғибадаттан тосуға тырысса, сен уәсуәсәні жоюмен айналыспа. Қойшының қасындағы иттің жанынан өткен жолаушы иттің қауып алуынан иесіне тығылғаны секілді сен де шайтанның азғыруынан Алланы панала, Аллаға сиын. Ақиқатында шайтан да бір ит. Алла Тағала оның айласынан, жамандығынан баршамызды қорғасын, – дейді.


Расымен де, шайтанның азғыруын қайтарамыз, жоямыз деп жүріп, кейде ғибадаттан, зікірден, ілімнен қалай қағылып қалғанымызды байқамай қаламыз. Сондықтан да шайтанның азғыруынан құтылудың жолы – иесіне сиыну ғана екен.


أَعُوذُ بالله مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ


Ә‘узу билләһи мин әш-шайтанир ражим!


Қуылған шайттанның азығыруынан Аллаға сиынамын!


 ihsan.kz




Көрілген: 1020    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.10.2018, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30