Шетелдегі «мәдениет» біздің елде ұятсыздық болып саналады

Шетелдегі «мәдениет» біздің елде ұятсыздық болып саналады

Қазіргі күрделі де, алмағайып заманда әлем халқы рухани құндылықтарға адамзат өркениетін сақтап қалудың негізгі тұғыры ретінде қарауда. Әлем жұрты кейінгі кезде материалдық қызығушылыққа, тән рахатына басымдық танытқан Батыс әлемінен шегініп, рухани құндылық пен адамның жан дүниесіне аса мән беретін Шығыс мәдениетіне қызығушылық танытып келеді. Атам қазақ «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші біз осындай ұлы Шығыс халқы мәдениеті мен өркениетінің бір бөлігі бола тұра, соның қадірін білмей келетін сияқтымыз. Бұлай дейтінім, қоғамда көп жағдайда – тұрмыста, қарым-қатынаста, тіршілікте батысқа соқыр еліктеушілік тенденциясы байқалады. Ал батыста отбасылық құндылықтар, салт-дәстүр, ұрпақ сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты әдептілік нормалардың жоқтығы қаперге алынбайды. Бұл демократияны жамылып, рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары. Мұндай қоғамдағы жастардың өмірлік қағидаттары – эгоизм, бір күндікпен ғана өмір сүру, жалқаулық, материалдық ашкөздік, алдау, моральдық жауапсыздық және т.б.

Әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу үшін қазақ халқына басқа елдің мәдениетін алып, дайын үлгі (шаблон) ретінде кигізу шарт емес. Сол сияқты белгілі бір мәдениетке толық еліктеуге де болмайды. Әр халықтың жағрафиялық жағдайына байланысты қалыптасқан өз үлттық нақышы, тән менталитеті, лайық мінезі мен жолы және тарихы мен мәдениеті бар. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан салты мен дәстүрі тағы бар. Мұны ескермеске шара жоқ әйтпесе, елді жаңғырту жолында прогресс емес, нағыз регресс болмақ. Бұл ескерту тек елді жаңғырту мақсаты үшін ғана емес, мемлеттегі түрлі салаға қатысты.

Мысалы, көптеген лауазымды шенеуніктер өз саласын қарқынды дамытамын деген оймен шет мемлекеттен озық бір жобаны өзгертпестен сол қалпында алып келіп, халықтың менталитетін, ұлттық құндылықтарын немесе өңірдің жағрафиялық жағдайларын ескерместен, үлкен әрі қымбат жобаны іске қосып жібереді. Нәтижеде жеңіс те жоқ, жеміс те жоқ, есесіне бел-етектен шығын бар. Әбігерге түскен тағы халық. Елдің, халықтың ерекшеліктерін түрлі қырынан ескерген жөн.

Сол сияқты әлемде қандайда бір елді жаңғырту үшін барлығына ортақ үлгі жоқ. Әр мемлекет өзінің даму жолын жақын етіп, өзі жасайды. Бір мемлекеттің немесе мәдениеттің даму жолын «Апырмай, мынау дұрыс екен!» деп басқа бір елге даму үлгісі ретінде көшіріп алу қатерлі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін?» деген сұраққа былай жауап береді: «Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда».

Осы орайда «Олай болса не қылмақ керек?» деген заңды сұрақ туады. Расында да алпауыт мемлекеттер кіші мәдениеттер мен халықтарды тіліне, дініне, дәстүрі мен тарихына қарамастан жалмап жұтып қойып жатқан мынау, жаһандану дәуірінде өзімізді, өздігімізді, яғни еліміздің ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін бұзбай қалай сақтай аламыз? Бұған бір ғана жауап бар, ол - ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтау. «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды».

Ұлттық код – ұлттың қуаты. Ұлттық құндылықтар дегенде атадан балаға мирас болып келе жатқан, ана сүтімен бойға дарыған рухани құндылықтарды, имандылық пен инабаттылықты, қазақшылықты айтпақ һәм үйретпек керек. Қазақ мұны атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған. Қаз дауысты Қазбек би атамыз бұл жағдайды былай суреттейді:

Дұшпанның аяғына жаншылмаған елміз,

Басымыздан намысты асырмаған елміз,

Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.

Атаның өсиетін балаға,

Баланың өнерін атаға айтып,

тарата білген елміз.

Құлақтың құрышын қандырып

Әділ сөзді халыққа айта білген елміз

Ия, өзіміздің ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды танып, бойға сіңіру басты міндет. Егер елдің келешегі үшін қам жеп, жаһандану үдерісінде бет-бейнемізді жоғалтпай сақтап, жастарымыз космополит болмасын, рухани құндылықтардан ажырап қалмасын, адамгершіліктен мақұрым тұрмасын десек, онда жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу біздің борышымыз. Мұнсыз маңдайы жарқыраған, төрт аяғын тең басқан бет-бейнесі сақталған Қазақ елі бола білу мүмкін емес деп ойлаймын.

Ал сырттан келіп жатқан «мәдениетті» жақсылап зерде елегінен өткізіп, біздің тәуелсіздігімізге, ұлттық менталитетімізге, тіліміз бен ділімізге, мәдени мұрамызға қаншалықты пайдалы немесе зиянды екенін саралап қана тәлім алған жөн дер едім. Себебі, басқа елде «мәдениет» болып көрінетін бір қылық, біздің елде әдепсіздік немесе ұятсыздық болып саналуы әбден мүмкін. Мысалы, өткенде Оңтүстік Кореядан келген саяһатшы қыз өз парақшасында Қазақстанда көрген-білгенімен бөлісті. Оны Қазақстандағы ер адамдардың косметикалық заттарды пайдаланбауы таң қалдырыпты. Иә, біздің ер азаматтарымыз косметика пайдаланбайды және менің ойымша «мәдениет» бізге керек те емес.

Сол сияқты біздің салт-дәстүрімізге, руханиятымызға, мәдениетіміз бен ділімізге жат ЛГБТ қозғалысын ұлттық кодымызға қауіп төндіретіндердің қатарына жатқызуға болады. Мұндайлардың өскелең ұрпаққа, жастарға, қоғамға тигізер зардабып дәлелдеп жатудың қажеті жоқ, ол айдан анық.

Сондықтан, біз ұлттық кодымызды, ұлттық мәдениетіміз бен ұлттық рухымызды сақтап қалғымыз келсе, Елбасы айтқандай мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруы керек. Сонда біздің бүгінгідей ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің жолы дара болып қала бермек.

Жалғас Садуахасұлы, дінтанушы

«Қамшы» сілтейді

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста