Ислам діні

ШҚО мешітінің бас имамы ғаламторда имам мен актрисаның шу болған суретіне қатысты пікір білдірді

  • ШҚО мешітінің бас имамы ғаламторда имам мен актрисаның шу болған суретіне қатысты пікір білдірді

    ШҚО мешітінің бас имамы ғаламторда имам мен актрисаның шу болған суретіне қатысты пікір білдірді

Өскемендегі Халифа Алтай мешітіне Голливуд актерлерінің келуі әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызған еді. «ҚазАқпарат» тілшісі осы оқиғаға байланысты бас имам Ермек қажы Мұқатайға хабарласып, пікірін білді.

Өскемен мешітінің имамы бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқаны болмаса, шариғатқа қайшы ештеңе болмағанын айтады.


«Әлеуметтік желіге тараған ақпараттың барлығын біз исламның асқақ абыройын ойлаған жанашырлық деп қабылдадық. Әркімнің түсінік-танымы, деңгейі әртүрлі. Осы себепті ешкімге өкпе сақтап отырған жоқпыз.


Мешіттің есігі кез келген адамға ашық. Актерлердің бәрі ғимарат ішінде шариғат заңдылықтарын сақтап жүрді. Шариғаттың ешбір шарты бұзылмағанын ресми мәлімдеймін. Біз дініміздің абыройына араша түсіп, өз өресіне сай үн білдіріп жатқан тілеулестеріміздің барына қуандық» – дейді Ермек қажы.


Сондай-ақ, имам Ермек Мұқатай Голливуд мамандары атсалысып жатқан жобаға мүфтияттың еш қатысы жоқ екенін атады.


«Біздің мешітке кино түсіруші топтың келетіні бізге екі күн бұрын хабарланды. Ұсыныс облыстық дін істері басқармасынан түскен болатын. Оған мүфтияттың еш қатысы жоқ.


Аталған жоба жергілікті әкімдіктің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Өңірдің рухани әлемін сипаттау үшін мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстыру керек болған екен. Сондықтан біз бұл ұсынысқа келістік» – дейді имам.


Бұл оқиғадан кейін қоғам арасында мешітке өзге дін ұстанушылардың, шоу-бизнес өкілдерінің, шетел азаматтарының келіп-кетуін, ғимарат аумағында фото және видео түсірілімдер жасаудың жеке ережесін бекіту керектігі айтыла бастады. Ермек қажы Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан, кез келген адамның мешітке келіп-кетуі әдеп-иба принциптерімен, мешіттің ішкі ережесімен реттелетінін айтады.


«Қазір мешіт аумағында суретке түсіп, видео жасауға тыйым жоқ. Мешітте өзін-өзі ұстаудың жалпыға ортақ ережесі ілініп тұр. Соны сақтаса жетіп жатыр. Голливуд актерлері де сол ережемен жүріп-тұрды. Дегенмен діни қатынас та қоғаммен бірге дамып отыруы керек. Оған Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңға өзгерістер еніп жатқаны дәлел» – дейді ол.


Голливуд актрелері «Шығыстың бренді» деген атпен түсіріп жатқан деректі топтамада мешіт өмірінен қандай кадрлар берілетінінен мешіт өкілдері хабарсыз. Дін қызметкері түсіруші топтың бұл туралы өздерімен ақылдаспағанын айтып отыр.


Сонымен қатар Ермек қажы қарамағындағы мешіт қызметкерінің Бай Лин есімді актердің қасында тұрған атышулы суретіне қатысты пікірін білдірді. Әлеуметтік желіде аталмыш суретті салған адамдарды сот арқылы жауапқа тарту қажет деген ұсыныстар айтылған болатын. Имам мешіт тарапынан ешқандай шағым түсірілмейтінін айтады.


«Ислам – кешірім діні. Сондықтан облыстық мешіт тарапынан ешкімге арыз-талап түсірмейміз. Оның үстіне бұл жерде діни қызметкердің жеке бас құқығы тапталып отыр. Біз әріптесімізбен сөйлестік. Ұжым да, мешітке келушілер де оны отбасы құндылықтарына адал, дініне берік жан ретінде біледі. Шетелдік меймандармен жүрген қарбаласта түсіп қалған кездейсоқ суретті сан-саққа жүргірткендерді өздерінің ар сотына тапсырайық. Дегенмен, бұл әріптесіміздің жеке құқығы. Біз ешкімді жазалауға, қатесі үшін жауапқа тартуға құлықты емеспіз. Ең бастысы, суретке ат қойып, айдар тағушылар өз қателіктерін түсінгені керек», – деді ол. 




Көрілген: 751    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.02.2018, 18:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30