Ислам діні

Іштей айтылған «талақ» некені бұза ма?

  • © muslim.kz

    © muslim.kz

Талақ сөзі ойға келсе, оған талақ түспейді. Оған дәлел ретінде Бәдруддин Айнидің (р.а) «’Умдатул-Қари» кітабынан мына мәтінді ұсынамыз: «Егер кімде-кім талақ айтуды (жасауды) іштей ғана ниет етіп, бірақ дыбыстап айтпаса, ол жағдайда ешнәрсе де болмайтындығында ғалымдар арасында тарлас-тартыс жоқ.


Мұнда тек Хаттабидің Зухри мен Маликтен жеткізген сөзінде талақтың ниетпен түсетіні айтылған. Алайда бұл көзқарас тым бөтен. Хаттабидің өзі бұл көзқарасты «зихар»[1] және басқа мысалдармен салыстырып, былай деп сынаған: «Олар (ғалымдар): зихар жасауды ниеттенген адам, оны дыбыстап айтпайынша зихары есепке алынбайтынына бірауыздан келіскен. Сол сияқты іштей қазф[2] айтқан адам да қазф жасаушы болмайды. Егер намазда тұрып намаздан тыс кей ойлары мазаласа, намазы бұзылмайды, қайта қайталап оқымайды. Әйтпесе Алла Тағала намаз кезінде намаздан тыс сөз айтуға тыйым салған ғой. Егер ойға келген әр нәрсе сөз үкімінде болса, әлгі адамның намазы міндетті түрде бұзылар еді».


Ал, енді іштен айтылған, ойға келген нәрсе үшін талақ болмайтындығы туралы айтқан ғалымдарға тоқталар болсақ, олар: Ата ибн Абу Рабах, Ибн Сирин, Хасан, Сағид ибн Жубәйр, Шағби, Жәбир ибн Зәйд, Қатада, Сәури, Абу Ханифа мен шәкірттері, Шафиғи, Ахмад, Исхақ»...[3]


Ал, кейде сыбырлап шықты ма деп қалатыныңызға келсек, талақ нақты әрі саналы түрде айтылуы шарт. Себебі фиқһ негізінде «нақты нәрсені күмән жоя алмайды» деген қағида бар. Сол үшін сыбырлап шығып қалды ма деген күмәніңіз негізге алынбайды. Дегенмен де бұл ойлардан да, бұл сөздерден де сақ болуыңыз керек!


Ең дұрысын Алла біледі.


Айбек Әбдіқадыр

Muslim.kz сайтының діни сарапшысы 




Көрілген: 1095    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.04.2018, 22:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31