Ислам діні

Шымкентте 21 жастағы орыс жігіті ислам дінін қабылдап, сүндет тойын өткізді (фото)

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Шымкентте қазақ тілін жетік меңгерген орыс ұлтының өкілі Николай Путилин ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


21 жастағы жас жігіттің мұндай шешім қабылдауының өзіндік себебі де бар. Өмірінде қиыншылыққа тап болып, жолы еш болмай жүрген Николай Путилин алдымен бұл ойын анасына айтқан. Алайда ол кісі алғашында таң қалып, бірден қолдай қоймапты.


Арада бірнеше күн өткен соң батасын беріп, "Өзіңнің өмірің, ақылың бар. Қандай шешім қабылдасаң да қарсылық танытпаймын» депті. Жас жігіттің бұл шешімі әулеті үшін тосын жаңалық болған. Себебі әкесі де, анасы да орыс ұлтының өкілдері болған соң, оның ешбір туысы ислам дінін қабылдамаған екен.


Мұнан соң орыс жігіті бұрынғы әріптесі әрі қамқорлық танытып жүрген журналист ағасына шешімін айтып, көмек сұраған.


«Ол кісі үнемі маған қолдау білдіріп, ағалық ақылын айтудан жалыққан емес. Бір күні сол ағама мұсылман атанғым келетінімді жеткізіп, «қандай мешітке барып және не істесем болады?» деп көмек сұрадым. Ол бес уақыт намазын оқып, дін жолын ұстанып жүрген досын және тағы бір бауырын ертіп, «Айқап» деген мешітке алып барды», - деді шымкенттік тұрғын.


Мешітке барған оған сондағы имам Әлімжан ұстаз ислам дінін кеңінен түсіндіріп, уағыз айтыпты. Кейін тілін кәлимаға келтіріп, дінді қабылдайды. Николай Путилин есімі азан шақыртып өзгертпеген. Имамның айтуы бойынша, ислам дінін қабылдаған адамның өз есімі діни тұрғыда мағынасы болмаса, атын өзгерту шарт емес екен.


"Мен бала күнімнен мешіттерде шақырылатын азанды тыңдап өстім. Керемет әсер беретін. Есейе келе мұсылман атану туралы ой мазалап жүрді. Бірақ түпкілікті шешім қабылдамадым. Діни кітаптар оқып, сауатымды аштым. Ислам дініне деген құштарлығым күн санап артты. Мектепте оқитын кезімде орыс, кәріс жігіттермен жақын араластым.


Уақыт өте ортам қазақиланды. Қазіргі таңда араласатын бауырларымның барлығы мұсылмандар. Олар менің шешімімді қолдап, «енді нағыз бауырымыз болдың» деп ақ тілектерін әлі де жаудырып жатыр", - деген жігіт мұсылман атанған соң сүндеттелгенін айтты.


Жақында достары мен ағаларына арнап кішігірім сүндет тойын өткізіп те үлгерген. Оған жиналған жамағат жас жігітке ислам дінінің кереметтігін насихаттау үлкен сауапты іс деп кеңес беріпті.


Сөзінің соңында ислам дінін қабылдаған соң өзін жеңіл сезініп, көңілі де керемет күйге түскенін айтқан орыс ұлтының өкілі мұсылман атану туралы ойлап жүрген азаматтарға көп ойланудың қажеті жоқ дейді.


«Ислам діні керемет қой. Өзіңді мұсылман сезіну тіптен тамаша. Егер мұсылман атануды ойлап жүрсеңіздер, алдымен діни сауатты ашу керек. Одан кейін барып бес парызды орындаған абзал. Себебі сауаттылық болмаса, жат ағымның етегінде кету қаупі бар. Бастысы - мешіттерге жиі бас сұғып, имамдардың уағызын тыңдаған абзал. Ислам дінін қабылдауым өміріме үлкен оңды өзгеріс әкелетініне сенімдімін. Соның ішінде жар таңдарда да көмегі болады деген ойдамын. Алла тағаламның қалауымен иманды қыз жолықса деген ниетім бар»,- деп сөзін түйді орыс ұлтының өкілі.


Қазақ тілін жетік меңгерген Николай Путилин енді жыл сайын ораза ұстап, намазға жығылсам деген ниеті барын да жасырмады. 




Көрілген: 718    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 20.09.2017, 14:16

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 12:20
Құдайдың құдіреті
1 Қараша, 12:15
Дертке шипа аяттар
27 Қазан, 12:28
Әзілдесудің 5 әдебі
6 Қазан, 15:20
Қоянның еті адал ма?
24 Қыркүйек, 18:01
Кедейді байытқан дұға
18 Қыркүйек, 11:49
Дүниедегі ең қайырлы іс

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30