Ислам діні

Сириядағы жетімдік

  • Сириядағы жетімдік

    Сириядағы жетімдік

Соғыста өлген қазақстандықтардың балалары лагерьлерде босып жүр

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызметі Сирияда қалған қазақстандық балаларды анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Олардың ата-аналары әскери қақтығыстарда қайтыс болған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


"Қазіргі кезде Сирияда қалған қазақстандық балалар туралы нақты мәліметті ешкім бере алмайды. Ұлттық қауіпсіздік қызметінде де ондай дерек жоқ. Себебі шетелге шығу - Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы. Олардың қалай және қай мемлекет арқылы әскери аймақтарға барып жатқанын ешкім бақылап жатқан жоқ. Ондай азаматтар консулдық тіркеуге тұрмаса, оларды елге қайтару қиын. Ал әскери қақтығыстарда қайтыс болған қазақстандықтар аз емес. Олардың балалары босқындар лагерьлерінде қалды. Қазіргі кезде біз сол балаларды анықтау бойынша тиісті шараларды атқарып жатырмыз", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ МАДИЕВ Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.


Оның айтуынша, қазақстандық балаларды табу оңай шаруа емес. Себебі олардың ішінде кішкентай балалар да бар. "Олар қайдан және қашан келгенін айта алмайды. Себебі әскери қақтығыстар аймағында жүргендеріне үш-төрт жыл болды. Сол жерде туған да шығар. Қазіргі кезде біз құзіретті органдармен бірлесе отырып, ол балаларды қайтару бойынша арнайы жоспарды даярлап жатырмыз. Әрине, оларды дерадикализациялау жағын да ойластыруымыз қажет. Өйткені ондай азаматтарды бейбіт өмірге бейімдеу керек. Негізгі мәселе - сол жақта қалып қойған балаларды идентификациялау. Бәлкім, телеарналардың біреуі ондай лагерьлерге барып, екі-үш жақсы репортаж түсіріп көрсетсе, осы жақтағы туған туыстары танып қалатын шығар. Сонда тиісті құжаттарды рәсімдеп, эвакуациялау шараларына кірісуге болады", - деп атап өтті А.Мадиев.




Көрілген: 803    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.12.2017, 16:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31