Ислам діні

Сириядағы ұлынан айырылған ана: Келінім мен үш немерем қайда қашарын білмей жүр

  • Сириядағы ұлынан айырылған ана: Келінім мен үш немерем қайда қашарын білмей жүр

    Сириядағы ұлынан айырылған ана: Келінім мен үш немерем қайда қашарын білмей жүр

Жүзден астам ана құқық қорғау органдарынан Сирияда жүрген балаларын елге қайтаруды өтініп, көмек сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегін негізге алып.


Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының тұрғыны Сирияда жүрген келіні мен үш немересін күтіп жүргенін айтты. Ботагөз Махатова Сирияға кеткен ұлынан екі жыл бұрын айырылған. Бірақ баласының артында келіні мен үш немересі қалыпты, айтуынша, олар қақтығыс аймағынан шыға алмай жатыр.


"Менің келінім әлі сонда, сол өңірден шыға алмай жатыр. Қайда қашарын да білмейді, өйткені онда барлық жерге мина қойылған", — деді әйел Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.


Ботагөз сияқты аналар Қазақстанда аз емес. Әйелдер мессенджер арқылы сөйлесіп, Сириядағы соғысқа аттанған жақындарымен байланысқа шығып тұрады. Махатова отыратын чатта 120 ана бар. Олардың тек оны ғана балаларымен қауышқан.


Әйелдің айтуынша, ұлы дінді жете түсінбегендіктен Сирияға кеткен, ал оның жары мен балалары – отағасы жасаған қателіктің құрбаны.


2012 жылы соғысқа аттанған ер адам ата-анасына Мысырға оқуға бара жатқанын айтқан. Жарты жылдан кейін оның отбасымен бірге Сирияда жүргені анықталды.


Осыдан кейін Ботагөз Махатова бірнеше мәрте құқық қорғау органдарына жүгінеді. Алайда оның отбасына көмектесу әзірге мүмкін болмады.

Ұлының қалай көз жұмғаны да белгісіз, тек ер адамды жерлеп жатқаны түсірілген бейнеролик қана бар.


"Олардың өз отанына оралуына ешкім қарсылық білдірмейді деген үміттемін, өйткені олардың барлығы – Қазақстан азаматы. Олар өмірде адасып, бұрыс жолға түскенін түсінді", — дейді немерелерін сағынып жүрген әйел.


Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сирияда террористердің қолында кепілде болған 47 қазақстандықтың елге қайтарылғаны туралы мәлімдеме жасады.


"Жусан" операциясы кезінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала елге қайтарылды. Олардың барлығы Қазақстанға өз еркімен келген. Оның ішінде 6 ер адам мен 1 әйел террористік қызметке қатысты деген күдікке ілінді.


Алдын ала мәлімет бойынша, қазір Сирияда 800-ге тарта қазақстандық жүр.


«Қамшы» сілтейді 




Көрілген: 786    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 20:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Наурыз, 11:54
    Қайыршыны зекіме
    18 Ақпан, 12:06
    Дін туралы аңыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31