Ислам діні

Суреті бар бөлмеде намаз оқуға бола ма?

  • © Islam.kz

    © Islam.kz

Бұл мәселе жөнінде әйгілі имам, мулла Нұруддин Әли ибн Сұлтан, имам Ұбайдулла ибн Масғұдтың «ән-Нуқая» атты еңбегіне жазған «Фатху-Бәбил-Ғиная» атты түсіндірмесінде намаздың мәкруһтері жайлы айтып келіп былай дейді[1]:


«Киімінде, сәжде орнында, асты мен артқы тарапынан басқа алды, оң жақ және сол жағында жануардың суреті болса мәкруһ. Егер (жануардың суреті) көзге көрінер-көрінбес өте кішкентай немесе басы жойылған болса мәкруһ емеc»


Киімінде, сәжде орнында, асты мен артқы тарапынан басқа алды, оң жақ және сол жағында жануар суретінің мәкруһ болу себебі суретке табынушыларға ұқсастығынан, бұл арты мен астынан басқа жерді қамтиды. Жануардың суреті деп шектеп қойғаны киім мен сәжде орнында жансыз зат пен ағаштардың суреті болса мәкруһ болмайтынын білдіреді.


«Жәмиғ» атты кітапта: «Егер сурет артқы жақ пен отыратын орында болса мәкруһ емес, өйткені осы екі орын оны (құрмет-теу емес) қорлауды білдіреді. Сол сияқты жастықтың суреті болса, егер жоғарыда ілініп тұрса мәкруһ, өйткені оны құрмет еткенмен тең, ал аяқ астында болса мәкруһ емес. Көзге көрінер-көрінбес өте кішкентай сурет, яғни, алыстан үңіліп қарамаса, былайша мүл-дем көрінбейді.


Деректе Әбу Һұрайраның (р.а.) жүзігінде екі шыбынның суреті болғаны жайлы айтылады. Айша (р.а.) анамыздан жеткен хабарда ол өзінің сөресіне суреті бар перде қойған еді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны алып тастады. Айша (р.а.) анамыз: «Одан (пердеден) екі кішкентай жастық жасадым, ол екеуі үйдің ішінде тұрды әрі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол екеуіне отыратын еді» - дейді[2].


Көзге көрінер-көрінбес кішкен-тай сурет пен басы кесілген бей- неге ешкім құлшылық етіп жатпайды. Негізгі мәкруһ болу себебі баяндап өткеніміздей суретке ғибадат етіп жатқандарға ұқсап қалу.


Әбу Һұрайрадан (р.а.) жеткен хабарда ол былай дейді: «Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) (үйге кіруге) рұқсат сұрады,


Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кір» деді. Сонда Жәбірейіл (а.с.):


- Қалай кіремін, үйіңнің пердесінде сурет бар? Оның басын кесіп таста немесе аяқасты ететін жастық ет. Расында, біз періштелер тобы суреті бар үйге кірмейміз-деді»[3].


Айта кететіні Жәбрейілдің (а.с.): «Біз иті немесе суреті бар үйге кірмейміз» - деген хадистегі періштелердің мақсаты; уаһи немесе рахмет періштесі, ал қорғаушы періштелер адам баласынан ешқашан ажырамайды. Тек дәретханаға кіргенде және ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынасы кезінде ғана ажырайды.


fatua.kz


 




Көрілген: 696    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 30.10.2017, 12:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 12:11
    Өтіріктен ауыр күнә
    6 Қараша, 12:20
    Құдайдың құдіреті
    1 Қараша, 12:15
    Дертке шипа аяттар
    27 Қазан, 12:28
    Әзілдесудің 5 әдебі
    6 Қазан, 15:20
    Қоянның еті адал ма?
    24 Қыркүйек, 18:01
    Кедейді байытқан дұға
    18 Қыркүйек, 11:49
    Дүниедегі ең қайырлы іс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30