Ислам діні

Терактіге дер кезінде тосқауыл қойып отырмыз

  • Терактіге дер кезінде тосқауыл қойып отырмыз

    Терактіге дер кезінде тосқауыл қойып отырмыз

Биыл еліміз үш терактіден аман қалды. Нақтырақ айтсақ, жыл басынан бері Қазақстанның арнайы қауіпсіздік қызметі елімізде жасалмақ болған үш терактіге дер кезінде төтеп беріп, теракт ұйымдастырмақшы болған 13 адамды құрықтап үлгерген. Астана, Ақтөбе және Орал қалаларында күш қолдану арқылы жасалатын террорлық сипаттағы экстремистік акцияға дайындалған радикалдық үш топтың жоспарларын Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастапқы кезеңде анықтап, дер кезінде тосқауыл қойып үлгерген.

Шын мәнінде бұл қаншама халықтың басына төнген қауіпті сейілту, елдің көкейіне ұялар үрейдің алдын алу екені айтпаса да түсінікті. Бүгінгі таңда Таяу Шығыс елдерінде, яғни мұсылман әлемінде орын алған лаңкестік ұйымдар тарапынан жасалып жатқан қақтығыстар мен кескілескен ұрыстар бейбіт өмір сүріп отырған талай халыққа үрей тудырып отырғаны жасырын емес. Осыған дейін де көрші елде орын алған террорлық оқиғалардан соң немесе елімізде осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған бірлі жарым «қауіптің сары белдеуі» жарияланған күндерден соң бейбіт халықтың көшелерде қараусыз жатқан пакет көрсе, немесе бет аузын тұмшалаған жан көрсе еріксіз үрейленіп, алдын ала аттандауға даяр тұратыны байқалған. Демек алдын алған осынау үш теракті шын мәнінде еліміздегі тұрақтылықты, бейбітшілікті айқындай түсіп, халықтың құқық қорғау орындарына деген сенімін нақтылай түскені анық.

Айта кетер жайт, жоғарыдағы алдын алған үш терактда радикалдар құқық қорғау, жергілікті атқару органдарының қызметкерлері мен ғимараттарына шабуыл жасауды жоспарлаған көрінеді. Осы орайда айта кетер жайт, ислам ең алдымен адамзатты бейбіт өмірге шақыратын дін. Халыққа ең алдымен осыны түсіндіру керек.

Қазақстанда ең алғашқы теракті 2011 жылы орын алған. Мамыр айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты маңында жанкешті өзін жарып жіберген болатын. Бірақ, мұны тиісті орындар терактіге жатқызбаған. 17 мамыр күні Ақтөбе қаласында беліне бомба байлаған жанкешті Р.Мақатов ҰҚК облыстық департаментінің ғимаратына кіріп өзін жарып жіберген. Өзі сол жерде қаза тауып, үш адам жараланған. Прокуратура Мақатовты экстремистік топ мүшесі деп танығанымен, өзін-өзі жарып жіберу фактісін теракт санатына жатқызбаған. Одан кейін де бірнеше рет осындай жағдайлар тіркеліп, елімізде террорлық қауіптің қызыл белдеуі, сары белдеуі жарияланды. Алайда ең қуаныштысы тиісті орындардың осынау оқиғалардан соң, тәжірибе жинап, кейінгі қауіптің алдын ала алуы болып отыр.

Көп жағдайда халық лаңкестерге қарсы күресіп жүрген арнайы қызметтің жұмысын көрмейді. Олардың ерен еңбегі жай ғана қауіптің алдын алды деген ақпараттың тасасында қала береді. Шын мәнінде осындай арнайы қауіпсіздік қызметі өкілдерінің, Дін істері комитетінің, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бірлесе қимылдауының нәтижесінде бұл бағытта қыруар жұмыстар атқарылып жатыр.

Мәселен 2013-2017 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жат ағымның арбауында жүрген 940 азамат ханафи мазхабын таңдап, қатарымызға қосылған. Сондай-ақ 4967 адам радикалды райларынан қайтқан. Жат ағымға кеткен жастарымыз дәстүрлі ханафи мазһабын таңдап, ортамызға оралуда. Негізінен радикалды ағымдардың шырмауына әйелдер тез түсіп қалады екен. Осының алдын алу үшін Қоғамдық даму министрлігі біреше рет арнайы жиын да ұйымдастырды. Министрлік тарапынан елдегі діни ахуалды реттейтін ауқымды заң жобасы қабылданды. Осы заң жобасының негізінде диструктивті діни ағымның сипаты нақтыланды. Сонымен қатар, радикализм ұғымының анықтамасы енгізілді. Жоғарыда атап өткендей жат ағымның етегіне тез еретін қыз келіншектерді қауіптен құтқару үшін «Қыз Жібек» клубы ашылып, қазақтың салт-дәстүрі мен ұстанымдарын жетік білетін мамандар арнайы сабақтар өткізуде. Қазіргі таңда еліміздің әр өңірінде осындай 10 ұйым радикализмнің алдын алу мақсатында жұмыс жүргізу үстінде. Осы орайда радикализмнің алдын алу мақсатында елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға орай этнограф Ғалия апайдың да пікірін алып көрген едік.

Ғалия Қайдауылқызы, этнограф:

- Еліміздің ұлттық құндылықтарымызды, ұлттық салт дәстүрлерімізді сақтау мақсатында арнайы «Қыз Жібек» клубын құрып, жат ағымдардың шабуылынан ұлттық әдет ғұрыптарымызды сақтау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатуы көңілден шығады. Сондай-ақ, деструктивті радикалды діни ағымдардың арбауына түспеудің жолдары талқыланатын жиындардың маңызы зор! Жалпы еліміздегі көпконфессиялы қоғамның барлық мүшелерін, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін экстремизмммен күреске жұмылдыру қажет. Еліміз 2014 жылы діни жолымыз бен бағдарымызды айқындайтын, мемлекет тұтастығының нығая түсуіне септігін тигізетін Діни басқарманың 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын қабылдады. Діни қызметтің сапасын арттыруға арналған 4 бағытты бекітті. Олар — көркем уағыз, жат ағымның жетегінде кеткен жастармен жұмыс, қайырымдылық іс-шаралар және халықты діни сауаттандыру болып табылады. Алдағы уақытта жоғарыдағы тұжырымдаманың негізінде талай жұмыстар әлі де атқарылатынына, еліміздегі тұрақтылық пен тұтастыққа селкеу түспейтініне сенемін.

Айта кетсек, радикалды діни ағымдар идеологиясының таралуы бүгінгі таңда жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Нигерия елінде «Боко Харам» лаңкестік ұйым мүшелері тарапынан әйел адамдар мен жас жеткіншектердің жиі қолды болуы, Сирия мен Ирак аймақтарында «қасиетті соғыс» ұранын ту етіп көтерген «жиһадшы» «ИГИШ» ұйымының террорлық актілері сынды ақпараттар легі күнделікті баспа және телевизиялық БАҚ-та, ақпараттық-агенттіктер мен интернет-ресурстарында жиі жариялануда. Сондықтан біздің еліміздегі тыныштық, талай елге үлгі

 Еркенұр Ерзия




Көрілген: 762    Пікірлер: 0

жұма, 07.12.2018, 02:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Наурыз, 11:54
    Қайыршыны зекіме
    18 Ақпан, 12:06
    Дін туралы аңыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31